Energo University оқытушылары марапатқа ие болды

Energo University оқытушылары марапатқа ие болды


04.10.2024 Барлық жаңалықтар


Ұстаздар күні мен жақында бекітілген Жоғары білім беру қызметкерлері күніне орай, Energo University оқытушылары: Тергемес Қажыбек Тлеугалиевич (оқытушылық тәжірибесі – 30 жылдан астам), Абжанова Лауласын Косылгановна (тәжірибесі – 21 жыл) және Жусупбеков Сәрсенбек Сейтбекович (тәжірибесі – 42 жылдан астам) Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімі атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық Energo University және АЭжБУ колледжінің оқытушыларын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз және жұмыста табыс, мықты денсаулық және ризашыл шәкірттерді тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY