Energo University-де өз АЭС прототипі бар

Energo University-де өз АЭС прототипі бар


04.10.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University Энергетика және жасыл технологиялар институтының жылу энергетикасы кафедрасының профессоры Андрей Кибарин студенттерге АЭС жұмысы туралы түсіндіре отырып, ВВЭР-1000-1200 реакторлары бар станцияның құрылымына жақындатылған станцияның прототипін көрсетеді.

 

Айта кетерлігі, бұл макетті оқытушылардың басшылығымен Eниверситет студенттері АЭС салу бойынша референдум жарияланбай тұрып жасаған болатын. Станцияның прототипін жасауға бірнеше адам қатысты. Болашақ IT және робототехника саласындағы мамандарымыз градирендердің 3D модельдерін жасауға көмектесті. Қалған элементтерді студенттер, магистранттар және Энергетика және жасыл технологиялар институтының қызметкерлері тауып, дәнекерлеп, қиып, желімдеді.

 

Бүгінде станцияның макеті – оқу бағдарламасын меңгеруге көмектесетін дайын көрнекі құрал.

 

ENERGO UNIVERSITY