23 қазанда Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде (Германия) Қазақстаннан келген жеті магистратураның түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді

23 қазанда Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде (Германия) Қазақстаннан келген жеті магистратураның түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді


24.10.2024 Барлық жаңалықтар


Бұл Energo University-дің «Энергетикалық саясат және халықаралық сауда» бірлескен бағдарлама бойынша алғашқы шығарылымы. Бағдарлама энергетика саласында жұмыс істейтін жоғары буын басшылары үшін іске асырылады.

Еуропалық үлгідегі дипломды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ, «Степногорск Энергокомплекс» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ мамандары алды.

Салтанатты рәсімде Германия Федеративтік Республикасының Зальцланд округінің бас аймақтық инспекторы Маркус Бауер мен Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің кеңесшісі Лейла Ашимжанова құттықтау сөз сөйледі. Олар түлектерді сәтті бітіруімен құттықтап, оларға кәсіби және жеке табыс тілеп, білім беруді интернационалдандыру перспективаларын атап өтті.

Қос дипломдық бағдарламалар туралы толығырақ Energo University-дің сайтынан біле аласыз: https://aues.edu.kz/ru/site/dual-program-anhalt

ENERGO UNIVERSITY