30.10.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ОАөЭЫБ) - 2024 сыйлығының «гендерге бағытталған климаттық әрекеттер үшін» номинациясында жеңімпаз атанды.
Сыйлықтың мақсаты – Орталық Азия аймағында тұрақты даму, климаттық өзгерістерге бейімделу және оның салдарын жеңілдету аясында гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан жеке тұлғалар мен ұйымдарды тану.
Energo University Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Бегимбетова Айнурдың айтуынша, Университет орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, энергияға көшу жөніндегі жобаларға қатысқаны үшін, сондай-ақ Орталық Азияның энергетика секторындағы әйелдердің әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысқа қосқан үлесі үшін осындай жоғары марапатқа ие болды.
Жеңімпаздар 6 қарашада Астанада өтетін ОАөЭЫБ Әйелдер бизнес-форумы аясындағы марапаттау рәсімінде атап өтіледі.