01.11.2024 Барлық жаңалықтар
Бүгінгі таңда қыздар байланыс инженері мамандығында өз орнын нық иеленіп, гендерлік стереотиптерді бұзуда! Мұны Energo University студенті Серікова Балшырын да дәлелдеп отыр. Ол «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының 4-курс студенті. Балшырын «Қазақмыс» корпорациясында өндірістік тәжірибеден сәтті өтіп, өз әсерімен бөлісті:
— Бұл өте қызықты әрі пайдалы тәжірибе болды. Мен түрлі деңгейдегі міндеттерді шешуді үйрендім, шахталарда болдым, дала жағдайында жұмыс істедім. Университет қабырғасында алған білімімді тәжірибеде қолдандым. Өз мамандығымның мәнін және ерекшеліктерін түсіндім. Сонымен қатар мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түсті! Телекоммуникация – қазіргі өмірді онсыз елестету мүмкін емес, сұранысқа ие және өзекті мамандық. Мен осы салада әрі қарай дамып, мансап құруды қалаймын. Мен сияқты телекоммуникациялық инженерияда жұмыс істеуді армандайтын барлық қыздарға келесіні айта аламын: барлығымыз қиындықтарға тап болуымыз мүмкін, бірақ компания ұсынатын мүмкіндіктер мен қолдаудың, заманауи технологиялардың арқасында бұл мамандық әйелдер үшін де тамаша таңдау болып табылады!