15.11.2024 Барлық жаңалықтар
Бүгін Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Қамқоршылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті. Кеңес құрамына негізінен университеттің әр жылдардағы түлектері кіреді, олар қазір жауапты басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеп, жеке бизнестерін табысты жүргізуде.
Ректор Нығыметов Ғани қатысушыларға трансформацияның жаңартылған тұжырымдамасы шеңберінде оқу орнын дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды, сондай-ақ 2025 жылы Университеттің 50 жылдығын атап өтуге дайындық жоспарын айтты.
"Zhersu" корпорациясының Байқау кеңесі төрағасының кеңесшісі Искаков Аскардың төрағалығымен өткен отырыс барысында Energo University Қамқоршылық кеңесінің келесі жаңа мүшелері бірауыздан сайланды: «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Хайрушев Жакып, «KEGOC» АҚ Алматы МЭС-тің еңбекті қорғау жөніндегі директордың орынбасары Жантасов Бауыржан және «KRIDA fitness club» бас директоры Тен Валихан.
Қамқоршылар кеңесінің отырысында маңызды сәттердің бірі – Университеттің 14 студентіне жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асатын атаулы шәкіртақы сертификаттарын табыстау болды.
Кездесуден кейін Нығыметов Ғани қамқоршыларға жаңартылған кампус бойынша экскурсия өткізіп, аудиториялар, дәріс залдары, жоғары технологиялық зертханалар, коворкинг, кітапхана және басқа да қоғамдық кеңістіктерін жөндеу жұмыстарының нәтижелерін көрсетті.