26.11.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University ректоры Ғани Нығыметов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми делегациясының құрамында Қытайға барды.
Министр Саясат Нұрбек бастаған ҚР ҒЖБМ делегациясының құрамына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 9 ректоры кірді. Жұмыс сапарының басты мақсаты Huawei компаниясы маңызды рөл атқаратын Қытайдың жоғары білім беру жүйесін цифрландыру тәжірибесін зерттеу болды.
Сапар барысында қазақстандық делегация компанияның негізгі кеңселеріне барды. Шэньчжэньдегі Huawei штаб-пәтерінде ректорлар цифрлық сыныптар мен бұлттық платформаларға арналған шешімдерді қоса алғанда, озық инновациялармен танысты.
Сондай - ақ, цифрлық трансформацияның инновациялық шешімдері ұсынылған Huawei көрме залына, Huawei Cloud-деректерді өңдеу орталығы мен Дунгуандағы Huawei зерттеу және әзірленім орталығына барды. Smart Classroom – цифрлық сыныптардың заманауи тұжырымдамасын көрсетуге ерекше назар аударылды.
Делегация сапарының қорытындысы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы
Меморандумға қол қою болды, ол Қазақстанда жоғары білім беруді цифрлық трансформациялаудың жаңа перспективаларын ашады.
Energo University-дің базасында 2019 жылдан бастап еліміздегі ең үздік Huawei академияларының бірі сәтті жұмыс істейді, бұл студенттік кезден IT саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.