EU ғалымдарының жобасы киберқауіпсіздік бойынша ұлттық семинарда ұсынылды

EU ғалымдарының жобасы киберқауіпсіздік бойынша ұлттық семинарда ұсынылды


05.12.2024 Барлық жаңалықтар


3-4 желтоқсан күндері Астанада «Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінде цифрлық трансформация және киберқауіпсіздік» атты ұлттық семинар өтті. Бұл шарада Energo University-дің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының ғалымдарының жұмысы ұсынылды.

Форумның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қолдауымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің қатысуымен Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің Ситуациялық-талдау орталығы болды.

Energo University ғалымдарының «Цифрландыру негізінде отын-энергетика кешенінің тұрақты даму мақсаттарын ғылыми сүйемелдеу» тақырыбындағы жобасы техника ғылымдарының докторы, «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының зерттеуші профессоры, «Киберфизикалық жүйелер және Смарт-технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі Утепбергенов Ирбулаттың жетекшілігімен орындалды. Ал жобаны семинарда «Диагностика мен деректерді қорғаудың технологиялық тәсілдерін өзгерту арқылы сенімділікті қамтамасыз ету» секциясы аясында «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының қауымдастырылған зерттеуші профессоры Тойбаева Шара таныстырды.

 

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты ғалымдарының жұмысы жоғары бағаланып, отын-энергетика кешенімен байланысты ірі қазақстандық компаниялардың өкілдері арасында практикалық қызығушылықты тудырды.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

 

ENERGO UNIVERSITY