Өткенді бағалай отырып, болашақтың іргетасын құрамыз!

Өткенді бағалай отырып, болашақтың іргетасын құрамыз!


23.04.2020 Барлық жаңалықтар


Өткенді бағалай отырып, болашақтың іргетасын құрамыз!

Біздің университетке 45 жыл толады! Біз Сізбен бірге 1975 жылдан басталған керемет оқиғаның куәсіміз. Бүгінгі таңда АЭжБУ 3 үздік университет және Қазақстан Республикасының ең сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ТОП - 10 қатарына кіреді.

Тіл білімдері кафедрасының ұйымдастыруымен Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ–дің қалыптасу және даму тарихы" тақырыбында қашықтықтан дөңгелек үстел өтті. Оған бірінші курс студенттері белсене қатысты және осы іс-шараның модераторы тіл білімдері кафедрасының доценті М.Қ. Нұрмаханова болды.

Студенттер ұсынылған тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Сөз сөйлеу барысында олар жоғары оқу орнының тарихы мен Қазақстанның дамуындағы рөлі туралы айтып берді. АЭжБУ ел тарихында энергетика, байланыс және телекоммуникация саласындағы білікті мамандардың алғашқы және қазіргі уақытқа дейін жалғыз ұстаханасы болып қалатынын, өзінің даңқты тарихымен, тамаша дәстүрлерімен және өз өмірін студенттерді оқытуға арнаған тамаша оқытушылармен мақтан тұтатындығын атап өтті. Университет тарихына қатысы бар, сонымен қатар, бүгінгі күні де оның ажырамас бөлігі мен мақтанышы болып табылатын біздің ардагерлер құрмет пен көптеген алғыс сөздерге лайық екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Жастар саясаты жөніндегі департамент директоры З.А.Абдуллина қатысып, студенттерге ЖОО-ның қалыптасуының бастауында тұрған адамдарды білу және есте сақтау маңызды екенін және университетке арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізуде дөңгелек үстел алғашқы қарлығаш екенін атап өтті. Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі  Б. Ж. Кабдушев жақын арада Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ тарихының беймәлім беттерін көрсететін мерейтойлық альбом дайындалатынын хабарлады.

Оқытушылар мен студенттер университеттің қызықты оқиғаларына арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар жиі өтуіне тілек білдірді.

Бүгінде ректор Сәуле Советқызы Сагинтаева басшылық етіп отырған Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ - бұл мемлекет пен қоғам, академиялық және кәсіби қауымдастық мойындаған жоғары оқу орны екені белгілі. Біздің түлектер еліміздің барлық аймақтарында еңбек етеді. Олар өздерінің кәсіби қызметін тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде де табысты жүзеге асырады. Қалыптасқан дәстүрлерді лайықты жалғастыра отырып, университет ғылым мен білім берудегі инновациялар үшін, жаңа технологияларды қолдану, прогрессивті идеяларды жүзеге асыру үшін ашық.

Ф.ғ. к., Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ доценті М.Қ. Нұрмаханова

ENERGO UNIVERSITY