Емтихандарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Емтихандарды тапсыру бойынша нұсқаулық


24.04.2020 Барлық жаңалықтар


Емтихандарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Қымбатты АЭжБУ студенттері!

Ректордың қатысуымен емтихан және дипломдарды қорғау туралы тікелей эфир өткізілгеннен кейін, қорытындылау жүргізсек:

1.Емтихан сессиясы тоқтатылмайды!

Емтихандар академиялық күнтізбеге сәйкес Google meet платформасында қашықтықтан форматында өткізілетін болады.

Емтихан тапсыру кезінде сізде бейне камерасы, микрофон, колонкалары және интернетке кіру мүмкіндігі бар ноутбук немесе компьютер болуы және артық гаджеттер болмауы керек. Емтихан өткізу кезінде студенттің бөлмесінде емтихан тапсырушыдан басқа ешкім болмауы тиіс. Студенттің үстелінде тек қана автоқалам, 1 парақ таза қағаз және жеке куәлік болуы керек.

Емтихан кезінде міндетті түрде бейнежазба мен аудиожазба жүргізіледі, микрофон мен камераны өшіруге студентке қатаң тыйым салынады!

Студент емтихан өткізу тәртібін бұзған жағдайда, емтихан алушы емтиханды тоқтатуы мүмкін, бұл студенттің емтиханнан қанағаттанарлықсыз бағаны алғанын білдіреді.

2.Студенттің техникалық мүмкіндіктері болмаған жағдайда қандай да бір пән бойынша емтиханды тоқтатуды және көрсетілген пән бойынша емтихан бағасы ретінде жіберу рейтингісінің бағасын есептеуін талап ете алады.

3. Өтінішті жазу кезінде GPA балын санаңыз, ол келесі курсқа ауысу балына сәйкес келуі тиіс.

4. Мамандық бойынша кешенді (біліктілік) емтихан бекітілген кестеге сәйкес, мамандығына байланысты ауызша түрде күніне 15 білім алушыдан стримингтік платформалар арқылы немесе бір уақытта барлық мамандық үшін LMS Платонус арқылы жазбаша тестілеу түрінде өткізіледі.

5.Дипломдық жұмыстарды қорғау қашықтықтан жүргізіледі. Осы сияқты  диссертациялар да қашықтықтан қорғалады.

 

ENERGO UNIVERSITY