Біз короновирусты біріккен күш арқылы ғана жеңеміз!

Біз короновирусты біріккен күш арқылы ғана жеңеміз!


24.04.2020 Барлық жаңалықтар


Біз короновирусты біріккен күш арқылы ғана жеңеміз!

Коронавируспен күрес Дүниежүзілік ауқымға ие болды.

Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері халық үшін де, медицина қызметкерлері үшін де қорғау құралдары туралы мәселе бірінші кезекте тұрды. Мемлекетте ауруханалар салынып, бетперде тігу цехтары ашылды, қазақстандық кәсіпорындар антисептиктер шығара бастады. Елдің бизнесмендері коронавирусқа қарсы күресу үшін елеулі қаражат бөлді, дәрілік препараттар, аппаратура, Қазақстандық дәрігерлерге арналған қорғаныс құралдары сатып алынды.

 Алайда бұл да жеткіліксіз болып отыр. Ресми деректер бойынша Қазақстанда барлық жұқтырғандардың үштен бірі – медицина қызметкерлері, яғни осы аурумен күрестің алдыңғы шебінде тұрған адамдар, іс жүзінде зұлымдық инфекцияның таралу жолында тірі бөгет болып табылатын адамдар. Сонымен қатар, дүкендер, дәріханалар, түрлі Қалалық қызметтер, полиция, еріктілер жұмыс істейді. Осы ретте Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық адамдарға да қорғаныс құралдары қажет.

Коронавирустың Дүниежүзілік індеті әрқайсымызға өзін және өзінің өмірлік ұстанымдарын қаншалықты берік сақтайтынын тексеруге мүмкіндік берді. Оның ішінде, өзінің жауапкершілігі, тәртіптілігі, бауырмалдылығы мен қайырымдылығы.

Медиктерді қорғану құралдарымен қамтамасыз ету сияқты маңызды шараға біздің студент жастарымыз да өз үлесін қосты. Біз 15 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері 100 дана маска ұстағыштардың бірінші партиясын және жеке ғылыми зерттеу аясында дайындалған 25 мөлдір бастапқы қорғану маскасын ҚР фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығына қайтарымсыз тапсырғанын жазған болатынбыз. Ол туралы толық ақпаратты https://www.zakon.kz/5017440-almatinskie-studenty-izgotovili.html оқи аласыздар.

Студенттер бір реттік акциямен шектелмеді және бүгін, 24 сәуірде Алматы қаласының Жастар лофт-орталығында алғашқы қорғанудың мөлдір маскаларын, маска ұстағыштарды жедел штабтың барлық еріктілеріне 100 дана көлемінде тапсырды. Сонымен қатар, әрбір еріктілерге жеке бокс бойынша өлшеніп оралған, құрамына Палау, салат, нан және компот кіретін кешенді түскі ас берді. Бокстың 100 порциясын сатып алу үшін  университеттің студенттік кәсіподақ комитеті қаражат бөлді.

Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры және "StopCovAlmaty" еріктілердің жедел штабының үйлестірушісі Ауғанбаева Алма Құрманқызы «Еріктілер - бұл өз Отанының нағыз патриоттары» екенін еске салды. Барлық еріктілер атынан ол Ғұмарбек Дәукеев атындағы "АЭжБУ" КеАҚ студенттеріне алғыс айтып, мұндай қолдау өте маңызды және қажет екенін атап өтті. Өйткені, кез келген шабуылмен тек бірлескен күшпен күресуге болады.

АЭжБУ студенттері өз сөзінде ел мен қала үшін қиын сәтте біздің университет шетте қалмайтынына тоқтала кетті, себебі АЭжБУ-дың бүгінгі жағдайдағы ұраны: "Қашықтықты ұстанамыз, энергияны сақтаймыз, байланысты жетілдіреміз".

Бізге көмектесетіндер де қорғалуы тиіс!

Сау болыңыз, үйде болыңыз!

ENERGO UNIVERSITY