05.05.2020 Барлық жаңалықтар


Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің педагогтарына білдірген алғыс сөзіне пікір

2020 жылдың 5 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті К.Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне сұхбат берді, онда Мемлекет басшысы еліміздің қазіргі жағдайы және мемлекет бюджетіне өзгерістер енгізу бойынша сұрақтарға жауап берді. Мемлекет басшысы ұлттық экономиканы дамытудың басты басымдықтарын атап өтіп, ұлттық мүдделерді нығайтуға және пандемиядан кейін халықаралық қатынастарды дамытуға бағытталған ішкі және сыртқы саясаттың кейбір аспектілерін жария етті.

Сұхбатта карантинге байланысты білім беру процесіне аса көңіл бөлінді. Ел Президенті атап өткендей, осы оқу жылы әдеттегі жылдардан айтарлықтай айырмашылығы бар, елде карантинді енгізумен инфекцияның таралуына жол бермеу салдарынан қашықтықтан оқыту басталғанын атап өтті. Қазақстан Президенті осы жағдайға түсіністікпен қараған және қиындықтарға қарамастан, өз қамқорлығындағы адамдарға қашықтықтан сабақ беріп жүрген барлық педагогтарға алғысын білдірді.

Екінші жағынан, бұл - уақыт талабы. Мемлекет басшысы атап өткендей, соңғы жылдары қашықтықтан оқыту әдісі жаһандық процесс ретінде қалыптасты және үнемі жетілдіруді талап ететін білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып отыр.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің оқу процесі мен барлық қызметі 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қашықтан форматқа ауыстырылғанын атап өткім келеді. Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері, қызметкерлері мен серіктестері барлық білім беру жүйесінің алдында туындаған сын-қатерді түсініп, дайындықпен қабылдады және қойылған міндеттерді лайықты орындауда. Теориялық және практикалық оқу қашықтықтан өтті. Қазіргі уақытта емтихандық сессия қарқынды жүріп жатыр және дипломдық жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғау кезеңі басталады.

     Мемлекет басшысы К.Тоқаевты қолдай отырып, еліміздің барлық педагогтарына білдірген алғыс сөздеріне қосыламын және еліміздің ұлттық экономикасы үшін білікті кадрларды даярлау сапасын арттыруға бар күш-жігерін жұмсап, үлкен жауапкершілікпен өз міндеттерін адал атқарып отырған АЭжБУ оқытушы-профессорлар құрамы мен ұжымына үлкен ризашылығымды білдіремін.

Біз біргеміз!

АЭжБУ КЕАҚ ректоры

профессор С.Сагинтаева

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Індеттің таралуына жол бермеу үшін  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан көптеген маңызды экономикалық және әлеуметтік шаралар жүргізілуде.

Еліміздегі карантин жағдайында барлық білім беру мекемелері  интернет жүйесі арқылы жаңа қашықтан оқыту тәсіліне көшкен болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, соңғы жылдарда қашықтан оқыту тәсілі жаһандық үрдіс ретінде қалыптасты. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындары бұл әдісті кеңінен қолданып келеді. 

Қазіргі таңда Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің барлық профессор-оқытушылар құрамы  қашықтан оқыту жүйесінің қыр-сырын тез арада меңгеріп студентерге білікті  білім беруде күні-түні аянбай еңбек етуде. Бұл өз кезегінде, ұстаздардың өз кәсібін шынайы жақсы көретіндігін тағы да дәлілдейді.

Бүгін Президентіміздің өзі ұлағатты ұстаздарымыздың осындай үлкен еңбектерін бағалай отыра ризашылығын білдірді. Қазіргі күрделі кезеңде ұрпаққа аянбай білім беріп отырған  ұстаздар үшін де, мен үшін де  бұл үлкен мәртебе және ол ары қарай еңбек етуге творчестволық шабыт береді.

Біз бәріміз елдегі уақытша болып жатқан бұл індетті жеңеміз! Біз біргеміз!

Электр энергетика және электр техника институтының  директоры  Әбдімұратов Ж. С.

 

Аса қадірменді ұстаздар, ғасырлар бойы сіздердің тәлім-тәрбие беріп, аянбай еңбек етулеріңіз арқылы жас ұрпақ үлгі-өнеге алып, алдында тұрған жаңа өмірге қадам басуда. Сіздердің арқаларыңызда әрбір білім алушы шәкірттеріңіз өз саласының қырандарына айналуда.  Сондықтан Ұстаздар қауімі біздің қоғамымыздың ең басты бөлігі болып қала бермек. Әсіресе осындай қиын қыстау пандемия уақытында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ұстаздар қауымына ризашылық білдіруінің өзі мемлекеттің  ұлағатты ұстаздарды жоғары бағалауының белгісі. Осы орайда сіздерге өз және «Басқару жүйелері мен ақпараттық технологиялар» институты атынан алғысымызды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға творчествалық табыс, тілейміз! Әрқашан да сіздердің баға жетпес еңбектеріңіз өз жалғастарын тауып, еліміз тыныш, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін.

Құрметпен,

«Басқару жүйелері мен ақпараттық технологиялар» институтының директоры, PhD, АЭжБУ профессоры Картбаев Т.С.

ENERGO UNIVERSITY