13.05.2020 Барлық жаңалықтар
Жатақханада тұратын студенттер үшін Ауызашар ұйымдастырылды
Карантин кезінде университет жатақханасында тұратын студенттерге қолдау көрсету аясында тағы бір қайырымдылық акциясы өткізілді: Ауызашар ұйымдастырылды. Іс-шараны дайындауға 20-ға жуық адам қатысты, университет қызметкерлері қажетті азық-түліктерді сатып алу үшін қаражат жинады.
12 мамыр күні ұйымдастырушылар 35 ауызашар жиынтығын байланыссыз беруді жүзеге асырды. Мұндай қолдау, осындай қиын уақытта студенттерге өздерін жалғыз сезінбеуге, сондай-ақ оқуда жетістіктерге жетуге күш қосуға көмектеседі. Белсенді студенттер ЖОО-ның студент жастары атынан қолдау көрсетушілерге алғыстарын білдірді.
Университет басшылығы ұжымды Рамазан айымен құттықтап, барлық игіліктерді тілейді.