Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Үшінші отырысында сөйлеген сөзіне пікір

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Үшінші отырысында сөйлеген сөзіне пікір


27.05.2020 Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Үшінші отырысында сөйлеген сөзіне пікір

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам капиталын, атап айтқанда білім беру және ғылым саласын дамыту мәселелері бойынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде білім беру – экономиканың аса маңызды саласы екенін, бірақ қазіргі уақытта оқушылардың білім деңгейі бойынша Қазақстан әртүрлі елдерден айтарлықтай артта қалғанын атап өтті. Мұның негізгі себептерінің бірі қаражат бөлінуінің жеткіліксіздігі болып табылады. Осыған байланысты 2025 жылға дейін мемлекет білім беруге алты есе артық, ғылымға жеті есе артық қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, ел Президенті 2011 жылдан бастап өспеген білім беру гранттарының орташа құнын үш есе, яғни 340-420 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Осының арқасында оқытушылардың төлемі кезең-кезеңімен артып, ЖОО-ның материалдық базасы нығайтылатын болады.

Педагогтардың еңбегін мойындау белгісі ретінде және олардың қоғамдағы беделі мен танымалдылығын арттыру мақсатында мемлекеттік марапат бекітілетін болады. Әлеуметтік сала, оның ішінде білім беру саласы қызметкерлерін моральдық ынталандыру үшін "Халық Алғысы" жаңа медалі тағайындалатын болады.

Пандемия жағдайы өзекті ғылыми білімдердің аса сұранысқа ие екендігін анықтап, бүкіл әлемдік қауымдастыққа ғылымның қоғамды дамытудағы рөлін арттыруға мүмкіндік берді. Осыған байланысты дарынды жастарды ғылымға тарту үшін докторанттар стипендиясын 150 мың теңгеге дейін ұлғайту шарасы қолданылуы тиіс.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жоғары оқу орындарын бейіндеудің, әсіресе "жасылтехнологиялар", энергия үнемдеу және жасанды интеллект саласы бойынша кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті энергетика, оның ішінде жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, сондай-ақ Ұлттық экономика салаларын сандық трансформациялау саласындағы неғұрлым талап етілетін бағыттар бойынша мамандандырылған техникалық жоғары оқу орындары болып табылатынын атап өткен жөн.

Осылайша, АЭжБУ ұжымының алдында жаңа, сонымен қатар шешімі әлемдік интеграция мен жаһандандыру жағдайларына бейімделген, елдің индустрия-инновациялық дамуы мен білімнің ұлттық экономикасы үшін зияткерлік ресурстарды қалыптастыру бойынша университет миссиясымен сәйкес келетін міндеттер тұр.

АЭжБУ КЕАҚ ректоры,

профессор С.Сагинтаева

ENERGO UNIVERSITY