28 мамырда университетте "Экологиялық проблемаларды жүйелі шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28 мамырда университетте


28.05.2020 Барлық жаңалықтар


28 мамырда университетте "Алматы энергетика және байланыс университеті" КеАҚ президенті Гита Валдовна Ревалденің, сондай- ақ  Алматы қаласы экология департаментінің өкілдері мен "Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі" кафедрасы серіктестерінің қатысуымен "Экологиялық проблемаларды жүйелі шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  

Дөңгелек үстелдің негізгі спикерлері "KazWaste" Қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының жетекші маманы Жакежанова Ардақ Биғазықызы, «ҚР тұрақты дамуына жәрдемдесу» орталығының ұлттық сарапшысы Анисимова Наталья Михайловна, PhD,  қауымдастырылған профессор, трансляциялық медицина және технологиялар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Бегімбетова Динара Айтбайқызы "Назарбаев Университеті" ДББҰ "National Laboratory Astana" ЖМ мен Ғылым Орталығының өмірі туралы баяндады.

Жакежанова Ардақ Биғазықызы өзінің "Қалдықтарды басқару саласын дамытудың проблемалары мен перспективалары" атты баяндамасында қалдықтарды бөлек жинау және оларды уақтылы кәдеге жарату тақырыбын қозғады. Қатысушыларды "KazWaste" қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың қызметімен таныстырды,оның негізгі стратегиялық мақсаттары: қалдықтармен жұмыс істеу бойынша бизнесті қолдау, ҚР қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ортақ мәселелерді тиімді шешу үшін кәсіпорындардың өзара тығыз қарым-қатынасын орнату болып табылады.

Анисимова Наталья Михайловна өзінің "Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу тәжірибесі (ЛШТТ)" атты баяндамасында ЛШТТ енгізу мен дамытудың өзектілігін егжей-тегжейлі түсіндірді, оның мақсаты әрбір кәсіпорынды атмосфералық ауаны, сондай-ақ су көздерін жалпы ластауға салымшы ретінде зерттеу болып табылады. Қазақстан Республикасы бойынша ЛШТТ үшін деректер берген кәсіпорындар саны туралы, табиғат пайдаланушыларды ЛШТТ толтыруға міндеттейтін ҚР Экологиялық Кодексіндегі өзгерістер туралы ақпарат берілді, сондай-ақ ЛШТТ есебінің толық нысандары ұсынылды.

Бегімбетова Динара Айтбайқызы "Қоршаған ортаның ластануы және жаһандық денсаулық" атты баяндамасында "Назарбаев Университеті" ДББҰ "National Laboratory Astana"ЖМ өмірі туралы, Ғылым Орталығының қызметі туралы баяндап берді. Осы зертханада адамның денсаулығына электромагниттік өрістер, сондай-ақ өсірілетін дақылдардағы пестицидтердің шоғырлануы сияқты физикалық факторлардың әсер етуін заманауи зерттеу жүргізіледі.

Барлық баяндамалар өте қызықты болды, пікірталас өтті, "Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" АҚ-мен бірлесіп даму траекториялары белгіленді.

ENERGO UNIVERSITY