2020 жылғы 29 мамырда Нұр-сұлтан қаласында "ПАНДЕМИЯНЫҢ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ" атты халықаралық ғылыми-практикалық интернет конференциясы өтті

2020 жылғы 29 мамырда Нұр-сұлтан қаласында


15.06.2020 Барлық жаңалықтар


2010 жылғы 29 мамырда Нұр-сұлтан қаласында "ПАНДЕМИЯНЫҢ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ" атты халықаралық ғылыми-практикалық интернет конференциясы өтті. Конференция "Рухани Жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Конференцияға Белоруссия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және т.б. отандық және шетелдік ғылыми-білім беру институттарының ғалымдары, оқытушылары, ғылыми қызметкерлері мен студенттері қатысты. Онлайн тәртібінде "Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі" кафедрасының доценті, PhD докторы Айнұр Серікбайқызы Бегімбетова, БЖД-18-2 тобының студенті Талғатқызы Гульвира "Жоғары білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды қолдану перспективалары" тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада оқытушылар үшін маңызды шарттардың бірі қашықтықтан білім беру үрдісінің форматындағы жұмыс кезінде ақпараттық құзыреттілікке ие болу екендігі атап өтілді. Электрондық оқулықтарды әзірлеу және қолдану Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру үшін компоненттердің бірі болып табылады. Сандық құзыреттерді меңгеру, жаңа IT-технологиялар мен ақпараттық платформалардың пайда болуы қажетті ақпаратты беру үшін ыңғайлы әдіс болып табылатын электрондық оқулықтардың әртүрлі түрлерін қолдануды белсендіруге мүмкіндік берді. Мұндай оқу материалымен жұмыс істеу білім алушыларға материалды жақсы меңгеріп қана қоймай, аралық және қорытынды аттестацияларды тапсыруға тиісті түрде дайындалуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың артықшылығы қол жетімділік, навигация ыңғайлылығы және ендірілген сілтемелер бойынша жылдам өту болып табылады.

Конференция қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

 

 

ENERGO UNIVERSITY