АЭжБУ профессоры "Мәңгілік Ел" құндылықтары негізінде тәрбиелеу мәселелері бойынша Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

АЭжБУ профессоры


18.06.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылғы 5 маусымда  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында "Мәңгілік Ел" құндылықтары негізінде тәрбиелеу мәселелері бойынша Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға орта және жоғары білім беру ұйымдарының ғалымдары мен педагогтары, сонымен қатар студенттер мен магистранттар қатысты.

Конференцияның негізгі бағыттары:

-Орта білім жүйесіндегі "Мәңгілік Ел" құндылықтары;

-Қазақстанды цифрландыру және дамудың ашылатын келешегі;

-Өлкетану өзін-өзі тануды дамытудың ресурсы ретінде;

-Постпандемиялық кезең: білім алушылар мен педагогтарды психологиялық қолдау..

Конференция "Мәңгілік Ел" құндылықтары негізінде оқушыларды патриоттық тәрбиелеу әдіснамасы" жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Конференцияға "Әлеуметтік пәндер" кафедрасының профессоры, саяси ғылымдардың докторы Алтынай Төлеуқызы Мұхамбедьярова қатысты.

ENERGO UNIVERSITY