2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру


07.07.2020 Барлық жаңалықтар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі(бұдан әрі-ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (ірі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды: Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану, экология; Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар; Энергетика және машина жасау; Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар; Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; Өмір және денсаулық туралы ғылым; Білім және ғылым саласындағы зерттеулер; Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер; Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитеті сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған. Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Ренат Елшибеков, тел. 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29, 74-19-04, қаржылық сұрақтар бойынша – Еркін Шаймағамбетов, тел. 8 (7172) 74-16-53, 74-24-56, 74-27-64, заңға қатысты сұрақтар бойынша – Альбина Можанова, тел. 8 (7172) 74-24-67.Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ(is.ncste.kz)  ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі нөмірлер: 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер ҚР БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы  https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша беріледі.Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2020 жылдың  7 шілдесі.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі - 2020 жылдың 21 тамызы (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама

ENERGO UNIVERSITY