XI Халықаралық ғылыми-техникалық конференция «Энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жоғары білім»

XI Халықаралық ғылыми-техникалық конференция «Энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жоғары білім»

12.08.2020 Барлық жаңалықтар


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2020 жылдың 16-18 қазаны аралығында энергетика және телекоммуникация саласындағы жетекші жоғары оқу орнының құрылғанына 45 жыл толуына орай «Энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жоғары білім» атты XI Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өткізеді.

Конференцияны өткізу мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Байтұрсынов көш. 126/1

Халықаралық конференцияның мақсаты ғалымдарға, тәжірибеленуші мамандарға, коммерциялық ұйымдардың өкілдеріне, бизнесмендерге және билік органдарының өкілдеріне энергетика, байланыс, IT-технологиялар саласындағы теория мен практика бойынша еркін ақпарат және пікір алмасуға мүмкіндік беру, сондай-ақ ғылым, білім және өнеркәсіптегі басқару жүйелерін оңтайландыру әдістерін талқылау және дайындау болып табылады.

Халықаралық конференцияға байланысты мәселелер бойынша mntk@aues.kz эл.поштасына хабарласуға болады.

Конференция туралы