Самал Бексұлтанқызы Абдрешова 25.09.20 ж. "Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ" КЕАҚ PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғайды.

Самал Бексұлтанқызы Абдрешова 25.09.20 ж.


20.08.2020 Барлық жаңалықтар


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ-да  PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Самал Бексултановна Абдрешованың 6D071700 – «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша «ЖЭС пен қазандықтардың ағын суларын тазартуға арналған озондық технологиялардың әдістері мен құрылғыларын әзірлеу» тақырыбына диссертация қорғауы болады.

Диссертация «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасында орындалған.

Қорғау тілі: орысша.

Пікір берушілер:

Ляззат Рысхановна Жунусова – техника ғылымдарының докторы, «Өнеркәсіптік жылутехнологиясы» кафедрасының доценті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан, Алматы қаласы.

Гульнар Кудайбергеновна Сыдыкова – техника ғылымдарының кандидаты, «Электроэнергетика және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының доценті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қызылорда қаласы.

Ғылыми кеңесшілер:

Бирлесбек Каниевич Алияров – техника ғылымдарының докторы, «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының профессоры, академик, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан, Алматы қаласы.

Джалолиддин Насирович Мухиддинов – техника ғылымдарының докторы, «Жылуэнергетика» кафедрасының профессоры Ислам Кәрімов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Өзбекстан, Ташкент қаласы.

Қорғау 8D071 «Инженерия және инженерлік іс» («Электроэнергетика», «Жылуэнергетика») және 8D062 «Телекоммуникациялар» («Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар») бағыттары бойынша «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» комерциялық емес АҚ-ның диссертациялық кеңесінде 2020 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 16:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі 126, А ғимараты, №213, Ғылыми кеңес отырысының залы.

Сайт: www.aues.kz

 

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY