Арыстан Баяндыұлы Диханбаев 25.09.20 ж. "Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ" КЕАҚ PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғайды.

Арыстан Баяндыұлы Диханбаев 25.09.20 ж.


20.08.2020 Барлық жаңалықтар


Коммерциялық емес АҚ «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»-нде PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Диханбаев Арыстан Баяндыевичтің 6D071700 – «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша «Жылу электр станциялары мен металлургия қалдықтарын кәдеге жарату тиімділігін арттыру» тақырыбына диссертация қорғауы болады.

Диссертация КАҚ «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»-нің «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасында орындалған.

Қорғау тілі: орысша.

Пікір берушілер:

Сухарников Юрий Иванович – кремний көміртекті композиттер зертханасының бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор, ғылым мен техника саласындағы ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик, Қазақстан, Алматы қаласы.

Тельбаев Сали Адильевич – техника ғылымдарының кандидаты, минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық Орталық РМК өндірістік бөлімінің бастығы, Қазақстан, Алматы қаласы.

Ғылыми кеңесшілер:

Алияров Бирлесбек Каниевич – техника ғылымдарының докторы, «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының профессоры, академик, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан, Алматы қаласы.

Мухиддинов Джалолиддин Насирович – техника ғылымдарының докторы, «Жылуэнергетика» кафедрасының профессоры Ислам Кәрімов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Өзбекстан, Ташкент қаласы.

Қорғау 8D071 «Инженерия және инженерлік іс» («Электроэнергетика», «Жылуэнергетика») және 8D062 «Телекоммуникациялар» («Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар») бағыттары бойынша Комерциялық емес АҚ «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»-ндегі диссертациялық кеңесінде 2020 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 14:00де келесі мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Байтурсынов көшесі 126, А корпусы, №213, Ғылыми кеңес отырысының залы. Сайт адресі: www.aues.kz

 

ENERGO UNIVERSITY