30.08.2020 Барлық жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл
Елімізде 30 тамыз күні мемлекеттік мереке – Конституция күні аталып өтеді. Қолданыстағы Ата Заң жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды, ал 1998-2007 жылдары толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Биыл негізгі мемлекеттік құрылыстың қағидаттарын анықтайтын, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғайтын Ата Заңның 25 жылдығы аталып өтеді.
Осы 25 жылда Қазақстан Конституциясы үздік әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрді бойына сіңіріп, тәуелсіздігіміздің тұғырын берік етуге және қоғамдағы ауызбірлікті сақтауға өз үлесін қосуда. Ата Заңымыз дамуымызға және әлемде жоғары мәртебеге ие болатынымызға кепілдік болып келеді.
Еліміздің тәуелсіздік, бірлік және тұрақтылық сынды басты құндылықтары жылдан жылға нығая берсін.
Отбасыңызға береке мен бақ тілейміз. Ортақ үйіміз - Қазақстан көркейе берсін!