Іске асыру мерзімі 12 және 36 ай болатын 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу

Іске асыру мерзімі 12 және 36 ай болатын 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу

07.09.2020 Барлық жаңалықтар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың төмендегі басым бағыттары бойынша іске асыру мерзімі 12 және 36 ай болатын (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды:

– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану, экология;

– Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар;

– Энергетика және машина жасау;

– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

12 ай мерзімге:

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 14 қыркүйегінен басталады.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2020 жылдың 28 қазаны.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында орналастырылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu

Толық ақпарат тіркелген файлда  

12 ай мерзімге