14.09.2020 Барлық жаңалықтар
Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик, профессор, химия ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат ЖҰРЫНОВ бізге берген сұхбатында Ғылым академиясына ерекше мәртебе беру оның экономикамен және бизнеспен интергациялануын тездетуге себеп болатыны туралы, сондай-ақ басқа да мәселелер төңірегінде ой қозғады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда ғылымды қаржыландырудың жəне қолдаудың маңызды көзі ірі кəсіпорындар, шикізат саласындағы компаниялар екенін айтты. Осыған қатысты Сіздің пікіріңіз қандай?
– Мемлекет басшысының Жолдауы алдағы дамудың басым бағыттарын толығымен айқындайды. Бұрыннан ойда жүрген сұрақтарымыздың бəріне нақты жауап алдық. Жас ғалымдарға арналған 1 мың грант бөлу жəне өндіруші сектор табысының 1 пайызын ғылыми зерттеулерге арнау бұрын-соңды болмаған құбылыс. Президент əлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қам тамасыз етуді жəне жас ғалымдарға қосымша гранттар бөлуді Үкіметке тапсырды. Бұл ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтін жастарға үлкен серпін береді.
Мемлекетті байытудың бірден-бір жолы – ауыр индустрияны дамыту жəне əрдайым инновация жетістіктерімен толық тырып отыру. Батыста оны «Scientifi c support» (ғылыми қолдау) дейді. Əрине, бұл салада темірдей тəртіп орнап, жемқорлықты ауыздықтап, жою керек.
Ең жаңа технологияны сатып алу (трансферт) əрі кетсе 5 жылда тиімділік үстемдігінен айырылады. Сондықтан кез келген зауытты немесе фабриканы ғылыми тұрғыдан қолдау арқылы алғы шепте тұрақты ұстап тұруға болады. Мысалы, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерде өңдеу, тауар шығару өндірісі осы қағидамен жұмыс істейді. Ал керісінше Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері ауыл шаруашылығы дақылдарынан жыл сайын 4-5 рет өнім алатынына қарамастан кедейшілік өмір кешуде, себебі индустрия дамымаған. Оған жоғары техникалық білім мен ғылымның жетілмегені себеп.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды үнемі қолдап келеді. Былтыр 2023 жылға дейін ғылымға бөлінетін қаржыны, ІЖӨ-нің бір пайызына жеткізуді нақтылаған болатын. Ал биылғы Жолдауда Үкіметке шикізат компаниялары та бысының 1 пайызын ғылымға бөлгізу ту ралы тапсырмасы орындалған кезде отандық ғылым шарықтап өсетін болады.
Мен Қасым-Жомарт Кемелұлын жақсы білемін. Бір кездері Үкімет мүшесі ретін де қызметтес болдық. Терең білімді, текті, зиялы азамат ретінде ғылымға нақты қол дау көрсететініне еш күмəнім жоқ. Сондықтан Президент ғылымға зор көңіл бөліп, талапты жастарды ғылымға тартатын жол ашып отыр.
– Ғылым мен экономиканы бірбірінен бөліп қарауға болмайды. Тəуелсіз Қазақстанда өндіріс тарапынан ғылымға Кеңес кезіндегідей сұраныс жоқ, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу өте сирек. Неге?
– Оның негізгі екі себебін атап кеткім келеді. Біріншісі, көптеген ірі өндіріс орын дары шетелдік инвесторлар қолында. Олар дың өз елдерінде ғылыми-зерттеу институттары бар. Ғылымға бөлген қаражаты сонда кетеді. Олар ғылымсыз-ақ табыс ты күреп табады, қоршаған ортаны да аямай бүлдіріп жатыр. Екінші себебі, ғылыми лаборатория мен өндіріс цехтарын жалғап тұрған көпір бұзылған. Ғалым дардың жаңа əрі озық тəсілмен грамдап алған заттарын өндіріс басшысы өз зауы тына енгізу үшін тонналап болмаса да ки лограмдап шығаруды талап етеді. Оны - сы дұрыс, бірақ бұл үшін жартылай өндірістік сынақ қондырғысы керек. Бұ рын ірі зауыттарда тəжірибелік цехтар болатын. Олар Кеңес өкіметімен бірге жоқ болды. Соларды жобалап, конструкторлық бөлім дермен қосып қайта құру қажет. Бұл – шы ғын, бірақ қажеттілік. Мемлекетжеке мен шік əріптестігінің əлеуетін тиімді пай да лансақ, бұл мəселені толық шешуге болады.
ҰҒА жарғысына сəйкес кезекті сайлауы мызды Кеңес кезінен бері өзгер мей келе жатқан тəртіппен əділ, ойда ғы дай өткіздік. Сайлау қорытындысы рес публикалық газеттер мен ҰҒА-ның рес ми сайтында жарияланды. Бұрын сайлау кезінде үміткерлердің жасына шек қойыл майтын, кейінгі екі сайлауда шек қоя бастадық. Себебі жас ғалымдарды кон курс арқылы ертерек үлкен ғылымға тар туды дұрыс көрдік. Кейінгі жиында кор респондент-мүшелерді 55-58 жас қа дейін, ал академиктерді 63 жаспен шектеп отырмыз. Қазір талантты жас ғалым дар көп, бəрі конкурсқа қатысады. Біз жаңа мүшелерді қабылдаған кезде кеңес кезіндегі сайлау тəртібін сақтап қалған жалғыз академиямыз. Бұл біздің мақтаныш ететін ерекшелігіміз. Осындай əділ жүйе орнатқанымыз үшін бізді барлық академиялар жоғары бағалап, өз қатарына қосып отыр.
– ҰҒА-ның алдағы жоспары қандай?
– Нарық заманында мəселенің шешімі қаржыға келіп тірелетіні белгілі. ТМД-да Қазақстанда ғана Ұлттық ғылым академиясы «Қоғамдық бірлестік» мəртебесіне ауысты. Біздің ҰҒА кеңестік модельден Батыс моделіне көшті. Бұл жаңа, бірақ соқпақтары белгісіз, қиын жол болып шық ты. Конституцияда көрсетілген тəртіп бо йынша (5-бап) мемлекет қоғамдық бірлестіктердің жұмысына араласпайды, яғни тікелей қаржы да бөле алмай ды. Мысалы, ҰҒА бұрын фундамен талды ғы лым дарға конкурс өткізіп қаржылан дыр ды, экспертиза жасау жəне басқа жұмыс тарды да атқарды. Қазір бұл мүмкін емес.
– Əлемнің дамыған елдерінің бəрінде ҰҒА мемлекеттік меншікте емес екенін білеміз. Сонда олар қандай заңмен өмір сүреді?
– Олардың заңы біздегіден мүлде басқа. Онда ҰҒА үкіметке тəуелді болмау үшін ғана мемлекеттік емес ұйым мəрт ебесін сақтап отыр. Мемлекеттік жəне же ке меншік мекемелердің құқығы бірдей. Оларға қоғам көзқарасы да бірдей. Ғы лым ға жұмсалған инвестицияның қай тарымсыз қалмайтыны халықаралық деңгейде мойындалған ақиқат. Мысалы, АҚШ-та ғылымның да, ғалымдардың да абырой-беделі өте жоғары. Оның бір айқын көрінісі АҚШ-та Барак Обама президент болып сайланғанда көрінді. Б.Обама АҚШ-тың болашағы туралы баяндамасын Конгресте не Сенатта емес, Ұлттық ғылым академиясына барып жасады. Президенттің ғалымдардың алдына барғаны академияның абыройы қаншалықты жоғары екенін көрсетті.
Қазақстан – табиғи байлығы мол, халқы білімді, ғылымы дамыған мемлекет ретінде алпауыт елдердің назарында. Мұнай, газ, мыс, мырыш, титан, алюминий секілді металдар ғана емес, сирек кездесетін элементтер, уран отыны əлемде сұранысқа ие. Осы қорды өзіміз игеріп, ғылыми-технологиялық өндіріс құрып, шикізатты тауарға айналдырып, экспортқа шығарсақ, оның қаржысы бізді бақуатты елге айналдырар еді. Бұл ретте ҰҒА-ның мəртебесін ерекшелейтін кез келді деп ойлаймыз. Бұл ғылымның экономикамен, бизнеспен интеграциялануын жеделдетеді.
– Сіз ҰҒА-ға мемлекеттік мəртебе берілгенін қалап отырсыз ба?
– Жоқ, қазір бірден өткенге оралу мүмкін бола қоймас. Тəуелсіздік жылдарында көп жайт өзгерді. Академияның 45 инс титуты 5-6 министрлік пен ком пани я ларға бөлініп, біразы жекеге сатылып кетті. ҰҒА-ға Президентке немесе Президент Əкім шілігіне байланысы бар мəртебе бері л генін қалаймын. Мысалы, академия өзі нің 50 пайыздық үлесін «Ғылым қоры» АҚ-ға өткізіп, мемлекеттік мекемелерге теңессе («Ғылым туралы» заң, 8-бап), Үкімет тарапынан тікелей тапсырыс алып, қаржы бөлінетін қызмет атқара алар еді.
Бізге тек жыл сайынғы Ғылым жөніндегі Ұлттық баяндама дайындап шығару үшін ғана қаржы бөлінеді. Штаттағы 14 адам бұрынғы 50-60 маманның міндетін атқарып отыр. Оған қоса 1946 жылдан бері шығып келе жатқан, 73 мемлекеттің ұлттық кітапханаларына жіберілетін 8 ғылыми журналымыз бар. Оның төртеуі ең ірі халықаралық «Scopus», «Web of Science» дерекқорына енген. Салыстыру үшін айтсақ, Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық ғылым академияларының бірдебір журналы халықаралық (Scopus, Web of Science) қорларға кірмейді. Олардың академиялары мемлекеттік мəртебеге ие, əрқай сысында 150-200 қызметкер бар. Біздің ака демияның барлық 6 салалық бөлімшесі ар найы қаржы бөлінбегендіктен, менің өті ні шіммен ұлттық университеттерге орна ластырылған. Олардың төрағалары мен бар лық вице-президенттер, аймақтық бөлім шелердің төрағалары айлықсыз, қоғамдық бастамалар ретінде қызмет атқарады.
Келер жылы академиямызға 75 жыл толмақ. Сол мерейтойды бұған дейінгі 60 жəне 70 жылдық мерейтойлар сияқты Президенттің қатысуымен салтанатты түрде халықаралық деңгейде атап өту жоспарымызда бар.
– ҰҒА-ның халықаралық деңгейдегі орны, жалпы қазақ ғылымының əлемдегі орны қандай?
– Қазақстан ғылымы кеңес кезінде озық болды, Ресей мен Украинадан кейін гі3-орында тұрды. Өкінішке қарай, қазір ТМД-да ешкім салыстырмалы тал дау жүргізбейді, бірақ əлі алдыңғы қатардамыз. Ең бастысы, еліміздегі 45 ака де - мия лық институттың бəрі орнын сақ тап қалды əрі жоғары деңгейде жұмыс іс теп жатыр. Оларды қаржыландыру тек Қазақстан тарапынан ғана емес, халық аралық НАТО, МНТИ, ИНТАС сияқты қор лардан да конкурс арқылы жүргізіледі. Əрине, қазіргі ғалымдардың бұрынғыдай жағ дайы жоқ. Тоқырау болды, ғылым сала сын дағы даму біраз баяулап қалғаны рас. Оның бəрі қаржыға байланысты. Қазір ғы лым ға бөлінетін қаржы ІЖӨ-нің 0,12 па йы зы нан (2018 ж.) 3 есе көбейді, 2023 жылы ІЖӨнің 1 пайызына жететін болады. Иə, ғылым əлемі – экстерриториялық дүние. Сондықтан керісінше, əр елдің ғалымдары арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтып, достық көпірін қайта құруға ықпал етеді. Барлық елде зиялы қауымның алдыңғы шебінде ірі ғалымдар тұрғандықтан, олардың пікірі бұқарадан зор қолдау табады. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастық оңалады. Ғылыми дипломатияның бұдан басқа да көптеген тиімді жағы көп. Менің ұсынысыммен Бейжіңдегі 54 мемлекеттің халықаралық ұлттық академиялар альянсы – ANSOның президиум мүшелерінің жəне Кіндік Азия мен Кавказ, Ресей академиялары президенттерінің дауыс беруі арқылы өткен конкурста Өзбекстан Ұлттық ғылым академиясынан басым түсіп, Қазақстан ҰҒА-сы ANSO-ның Кіндік Азия аймақтық бөлімі Алматыда ашылды. Бұл біздің академияның халықаралық аренада жоғары беделі бар екенін анық көрсетеді. Ендігі кезекте Алматыдағы ANSO бөлімі арқылы Кіндік Азия елдерінің ғалымдары ANSO қаржыландыратын экология, нанотехнология, инженерлік генетика, тарих, археология салаларындағы мегажобаларға қатысады. Бұл біздің ғалымдарға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Əр мемлекеттің халықаралық беделі оның ішкі тұтастығында, бірегейлігі мен ауызбірлігінде. Бұл жерде де жетекші ғалымдарымыздың рөлі ерекше. Оларға халық сенеді. Өйткені, олардың жүрістұрысы көз алдында. Істеген істері де, сөздері мен пікірлері де шынайы, адал.
– Биыл дүниежүзін COVID-19 вирусы жайлады. ҰҒА президенті ретінде осы індет туралы не айтасыз?
– Республикада пандемияны ауыздық тау үшін Президент Қ.Тоқаевтың Жар лығымен нақты шаралар дер кезінде қабылданды. Үкіметтің шешімдерін қолдай отырып, ҰҒА отандастарымызға мəлім деме жасады («EQ», 10 сəуір). Онда қауіпсіздік шараларымен қатар, ірі өндіріс орындарында жасалатын ісша раларға назар аударды. COVID-19 пан демиясының қауіпті екені, алайда бұл жайт қорқынышқа себеп болмау керектігі айтылды. Өйткені ғалымдар белгілі дəрілерден тұратын тиімді комбинациялар жасады жəне емдеудің түрлі терапевтік əдістемелерін əзірледі. Біздің дəрігерлер жалпы клиникалық жəне де имунитетті көтеретін əдістерді кəсіби түрде меңгерген, оның əсерін ел сезіп жатыр. Пандемия – əр елге сынақ. Мұндай жағдайда ел ішінде ауызбірлік пен ертеңге деген сенім мықты болуы керек.
– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚШ пен Жапония ғалым дары əзірлеген антивирустық санитай зерлердің құрамына кіретін кейбір химиялық заттар Қазақстанда тапшы екені белгілі. Бұл мəселенің қалай шешілгені туралы өзіңізден естісек дейміз.
– Оларды биологиялық антивирустық белсенділігін сақтай отырып, қолжетімді басқа химикаттарға ауыстыру керек болды. Бұл тапсырманы Д.Сокольский атын дағы жанармай, катализ жəне электр химия институтының ғалымдары менің тікелей басшылығыммен қолға алып, өз қаражатымызға ондаған түрлі химре активтерді сынап, антивирустық санитайзерлердің əртүрлі тиімді құрамын жасады. Білім жəне ғылым министрі А.Аймағам бетовтің қолдауымен біз оны НұрСұлтандағы Ұлттық биотех ноло гиялық орталықта, сонымен қатар Алма тыдағы Вирусология жəне микро био ло гия институтында сынақтан өткіз дік. Соның нəтижесінде, химиялық-биоло гия лық зерттеулер көрсеткендей, ДДҰ сани тайзерлерінен еш кем емес, аса тиім ді, қолжетімді жаңа антивирустық сани тай зер лер жасалды, оны ҰҒА сайтында жарияладық. Ал қазір кеңейтілген антивирустық қасиеті мол дəрі жасауды қолға алдық. Менің лабораториямда ертеректе зерттелген бір алкалоидтың осы COVID-19 вирусына қарсы əсері өте тиімді болып тұр, содан үлкен үміт күтеміз.
– 2019 жылы «Титанның су қышқыл ерітінділерінде электролизден кейінгі химиялық еру құбылысы» жұмыстар циклі үшін Мəскеудегі Халықаралық академияның дипломымен марапатталып, Нобель сыйлығының лауреаты, академик Петр Капицаның алтын медалін алдыңыздар. Бұл жобаның ерекшелігі неде?
– Қазіргі таңда алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулер химия саласының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Атырауда жаңа мұнай химиясы – полипропилен, полиэтилен шығаратын зауыттар ашылады. Бірегей ерекшеліктерге ие композитті материалдар, наноматериалдар басқа да жаңа өнім топтамасын шығаруға мүмкіндік береді. «Жасыл» химия талаптарына сай технологиялардың дамуы болашаққа жол ашады. 2019 жылы өзімнің шəкірттерім мен лабораториямда істейтін ғылыми қызметкерлеріммен «Титанның қышқыл су ерітінділеріндегі постэлектролиздік химиялық еру құбылысы» деген дүниежүзілік ғалымдар мойындаған ғылыми жаңалық аштық. Титанның нанокристал диоксиді күн сəулесінен электр энергиясын алу процесін жақсартып, үлкен экономикалық тиімділік береді. Бұл – осыған дейін адамзатқа беймəлім болған құбылыс, химия саласы бойынша Қазақстанда ашылған тұңғыш ғылыми жаңалық. Титан – ең тұрақты металдардың бірі. Қазақстанда оның өте көп қоры бар. Титаннан химиялық реакторлар, тікұшақ, ұшақ, кемелердің негізгі бөлшектері жасалады. Оның керемет антикоррозиялық артықшылығы – теңіз суында 200 жыл жатса да, шірімейді. Бірақ сол титаннан жасалған құралдар тозған кезде оны ешқайда қолдана алмайтынбыз. Себебі оны қайтадан балқыту қиын, ал еріту мүмкін емес еді. Біз соны оңай жолмен ерітудің əдісін таптық. Мұндай пайдасы мол ғылыми жаңалықтар əдетте əйгілі Нобель сыйлығынан кейін жүретін үлкен ғылыми халықаралық дəреже. Менің атыма көптеген елдің ірі ғалымдарынан, соның ішінде Ресей, Қытай, Украина, Беларусь, Молдова сияқ ты мемлекеттердің Ұлттық академия ларының президенттерінен құттықтаулар келіп түсті. Осы жаңалықтың негізінде Қытайдың Шэньси провинциясындағы дүние жүзіндегі ең ірі Боацзи титан корпорациясы бізбен 3 млн доллар тұратын шаруашылық келісімшарт жасауға ынталы болып отыр.
Пандемиядан кейін шекара ашылған соң келіссөздер жалғасады.
– Бізде Өскеменде титан зауыты бар ғой. Бұл ұсынысқа олар қалай қарады?
– Біз алдымен сол зауытқа ұсыныс жасадық, бірақ қызығушылық танытпады. Біздің зауыттардың басым көпшілігі шетелдің дайын технологиясын алады да, өндіріске енгізе салады. Мысалы, осыдан біраз уақыт бұрын біздің институттың бір катализаторын жарты млн долларға Қытайдың Фушунь мұнай зауыты қуана-қуана сатып алып, өндіріске енгізіп жіберді. Қазір бұл мəселе елімізде оң шешімін тауып келе жатыр. Біздің ғалымдар Павлодар, Шымкент, Атыраудағы мұнай өңдеу зауыттарымен 5 жылға келісімшартқа отырды. Жұмыс жақсы жүріп жатыр.
– Жалпы отандық ғылымның қазіргі жағдайы туралы не айтасыз?
– Əдетте ғылымның дамуы сол мемлекеттегі дамыған өндіріс салаларына байланысты болады. Өйткені экономика, табыс көзі кез келген мемлекет үшін өте маңызды. Қазақстандағы таби ғи байлықтарға байланысты геология, металлургия, химиялық технология, аграрлық сектор жəне фундаменталды жара тылыстану, гуманитарлық ғылымдар са ла ларындағы зерттеу жұмыстары өте жақсы ілгерілеп келеді. Бүгінгі таңда Білім жəне ғылым министрлігі мен оның Ғылым комитетінің жаңа басшылары, бұрын ғылым саласында болған коррупцияны ауыздықтап, түйткілді мəселелерді шешуге нақты қадам жасап, арнайы ашық конкурстар өткізіп жатыр, қолданбалы зерттеулерді қаржыландырудың да жаңа тəртібін енгізді. Бұрын үш жылда бір рет конкурс жариялайтын болса, қазір жыл сайын жарияланады. Бұл ғалымдарымыздың жағдайын жақсартады, ғылым беделі көтеріледі. – Кез келген салада жетістікке жетудің кілті кадрдың қолында, бұл əсіресе ғылым мен білім беру саласына қатысты. Соңғы жылдары олардың беделі күрт төмендеді, ғалымдардың қартаюы, жас мамандардың жетіспеу шілігі байқалады. Осы мəселелердің шешімін қандай? – Жастарды ғылымға тарту ТМДның барлық елдеріндегі өзекті мəселе. Аға буынның ғылымдағы орнын ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өз мектебін қалыптастырып кетті. Біздегі кемшілік – ғылымдағы ұрпақ сабақтастығының нашарлығы. Себебі жоғарыда айтып кеткенімдей, 1990 жылдары ғылымдағы жастардың басым көпшілігі қаржы тапшылығынан бизнеске ауысып кетті. Талантты жəне болашақты бағамдай алатын жастар нарық заңдылығына тез бейімделді. Оларды қазір ғылымға қайтару мүмкін емес. Енді бізге ғылымға жастарды тартып, олардың айлығын көбейтіп, ұйымдастыра білетін талантты басшылар керек. Оларды тауып, таңдап алудың дамыған елдерде қолданылатын бір-ақ жолы бар, ол – ұжымның жабық дауыс беруі арқылы өткізілетін сайлау. – Сіз Премьер-Министрдің кеңесшісі болдыңыз. Үкімет құрамында қызмет атқардыңыз. Қазақстанда қолданбалы ғылымды өндіріске енгізіп, ел экономикасына пайдасын тигізудің қандай тиімді жолдары бар? – Қазақ ғылымы жасаруы керек. Қазір ғылымға мойын бұрған жастар көбейе бастады, себебі олардың əлеуметтік жағдайы жақсарып жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттік гранттар, стипендиялар арқылы жастарға жиі қолдау білдіру керек. Бұл мəселе өндіріс пен ғылымды да мыту, қаржыландырумен қоса жүргенде ғана нəтижеге қол жеткізуге болады. Ғылы ми-зерттеу лабораторияларының да құрал-жабдықтарын жаңарту керек. Соңғы 28 жылда қазақстандық ғалымдар дың жобаларына деген сұраныс, мем лекеттік тапсырыс азайып кетті. Бұған ғ алымдардың білігі төмендегені емес, ғы лыми жобаларды зертханалық деңгейде сынақтан өткізетін нүктелердің аздығы себеп. Ғылыми жаңалықтың мəреге жетіп, іске қосылуы оңай емес. Жас ғалымдардың арасында іскер менеджерлер, халықаралық құқық мамандары көп болуы керек. Сонда ғана шетелдік мамандармен келіссөз жүргізгенде ұтылмаймыз. Ол үшін ғылым ға қызығушылық туғызу керек. Прези дент Жолдауындағы ғылымға деген жаңа көзқарас, қолдау, жас ғалымдарға ар нал ған қамқорлық, еселеп көбейтілген қар жыл андыру тез арада нəтиже береді. Біздің аға буын, ҰҒА ғалымдары осы ұлы үрдіске белсене қатысып, Қазақстан ғылы мын ең биік сатыға көтеріп, елімізде рухани жаңғыруды ұлт жаңғыруымен ұштастыруға аянбай еңбек етуі керек. – Əңгімеңізге рахмет. ңгімелескен Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ, «Еgemen Qazaqstan»
Мақала https: //egemen.kz/news сайтынан алынды