2020 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 15.00-де Google Meet платформасында "ЭКОНОМИКАНЫ ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН" тақырыбында ВЕБИНАР өтеді.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 15.00-де Google Meet платформасында

15.09.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 15.00-де Google Meet платформасында "ЭКОНОМИКАНЫ ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН" тақырыбында ВЕБИНАР өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ), "Green Academy" ғылыми-білім беру орталығы, "Carbon Lab" халықаралық консалтингтік орталығы (РФ Мәскеу қ.).

Іс - шараның мақсаты ҚР Президенті ҚасымөЖомарт Тоқаевтың "СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған "жасыл" өсімді қамтамасыз ету және экономиканы терең декарбонизациялау негіздері туралы тапсырмасын талқылау болып табылады.

Вебинар жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ғылым, бизнес-компаниялар мен ҮЕҰ өкілдері қатысады деп күтілуде. 

Спикерлер ретінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, климаттың өзгеруі және көміртекті реттеу мәселелері бойынша ұлттық және халықаралық сарапшылар шақырылды.

Вебинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жобасының тиісті бөлімдеріне ұсынымдар қабылданады.

Қатысу үшін 18.09.20 ж. сағат 13.00 дейін https://formdesigner.ru/form/view/139398 сілтемесі арқылы тіркелу қажет.

Өткізу күні мен уақыты: 18 қыркүйек, 15.00 – 18.00

Байланыс тел.: WhatsApp +7 701 7347758, +7 702 5475045

e-mail: m.salykova@aues.kzl.nurmuratova@aues.kz