АЭжБУ «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығы және Carbon Lab халықаралық консультациялық орталығының (Мәскеу, РФ) қатысуымен 2020 жылдың 18 қыркүйегінде «Экономиканы декарбонизациялау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» тақырыбында вебинар өткізді

АЭжБУ «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығы және Carbon Lab халықаралық консультациялық орталығының (Мәскеу, РФ) қатысуымен 2020 жылдың 18 қыркүйегінде «Экономиканы декарбонизациялау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» тақырыбында вебинар өткізді


21.09.2020 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығы және Carbon Lab халықаралық кеңес беру орталығының (Мәскеу, РФ) қатысуымен 2020 жылдың 18 қыркүйегінде «Экономиканы декарбонизациялау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» тақырыбында вебинар өткізді.  

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Конструктивті диалог - Қазақстандағы тұрақтылық пен өркендеудің негізі» және «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деген Қазақстан халқына Жолдауларындағы тапсырмаларды «жасыл» өсу және экономиканы терең декарбонизациялау негіздерін қамтамасыз ету тұрғысынан талқылауға бағытталды, және АЭжБУ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаеваның праймериздегі бағдарламасын қолдау шеңберінде жүзеге асырылды.

Вебинарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ғылымның, кәсіпкерлік компаниялардың және ұлттық өндірістік бірлестіктің өкілдері қатысты.

АЭжБУ ректоры С.Сагинтаева алғысөзінде ғаламдық экологиялық мәселелерді шешу шеңберінде Қазақстан экономикасын декарбонизациялау проблемаларының маңыздылығын атап өтті.

Спикерлер ретінде климаттың өзгеруі және көміртекті реттеу мәселелері бойынша ұлттық және халықаралық сарапшылар болды:

Ресей Федерациясы Экологиялық инвестициялар орталығының бас директоры, халықаралық сарапшы, доктор Юлкин Михаил - «Декарбонизациялаудың халықаралық тәжірибесі және көміртектік салық» тақырыбымен;

Біріккен Араб Әмірліктерінен доктор Ивано Яннелли – Дубайдағы қөміртектік тәжірибелік орталығының бас директоры өз тәжірибелерімен бөлісті; 

ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл академия» ұлттық білім беру орталығының (ҰБО) директоры, доктор Бақыт Камалбекқызы Есекина Қазақстандағы экономиканы декарбонизациялау бағыттарымен таныстырды.

Пікірталаста ҚР Экологиялық ұйымдар қауымдастығының жетекшісі А.Соловьева, АЭжБУ Біліктілікті арттыру институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.К. Сатова, АХҚО Жасыл қаржы орталығының сарапшысы А. Құсалиева, Ұлттық аккредиттеу орталығының бас сарапшысы А. Есенжолова және басқалар сөз сөйледі.

Семинарға 60-тан астам адам қатысты. Вебинар нәтижесінде Қазақстан Республикасында көміртекті реттеуді декарбонизациялау бойынша ұсыныстар жинақталып, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне енгізу үшін Парламент Мәжілісінің жұмыс тобына жіберіледі.

 

 

ENERGO UNIVERSITY