АЭжБУ - МЭИ бірлескен желілік білім беру бағдарламасы

АЭжБУ - МЭИ бірлескен желілік білім беру бағдарламасы


01.10.2020 Барлық жаңалықтар


Сіз АЭжБУ-да білім ала отырып, келесі бағыттар бойынша бакалаврларды даярлаудың білім беру бағдарламасы арқылы екінші жоғары білім ала аласыз:

38.03.01-Экономика.

Оқыту Ресей Федерациясының мемлекеттік үлгідегі дипломын бере отырып, «АЭжБУ» КеАҚ-мен келісілген Ресейдің жоғары білімінің Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес «МЭИ» Ұлттық Зерттеу университетінің бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Шартқа сәйкес желілік бағдарламаға түсу құқығына «МЭИ» ҰЗУ түсу емтихандарын сәтті өткен АЭжБУ студенттері ие болады.

Оқу мерзімі-үш жыл үш ай (АЭжБУ 2, 3 және 4-курстары).

МЭИ бітіру біліктілік жұмысын қорғау (АЭжБУ бітіру жұмысы негізінде орындалады) АЭжБУ базалық мамандығы бойынша дипломдық жұмысты қорғағаннан кейін бейнеконференция форматында жүргізіледі.

2020 жылы оқуға түсу құны 1 579 500 КZТ құрады;

МЭИ-АЭжБУ бакалавриаты талапкерінің жеке ісіндегі құжаттар тізбесі.

Қағаз құжаттар:

1. Қабылдау туралы өтініш;

2. Өтінішке қосымша;

3. Оқуға қабылдауға келісім;

4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған);

5. Жеке куәліктің көшірмесі;

6. Тізімдеме;

7. 4×3 форматтағы 4 фотосурет.

Электрондық құжаттар

1. Электрондық түрдегі түрлі-түсті сканерленген білім туралы құжаттар (аттестат).

2. Электрондық түрдегі түрлі-түсті сканерленген жеке куәлік.

Маңызды ерекшеліктер:

Ескерту: құжаттарды тапсыру мерзімі-09.10.2020 жылға дейін.

Сайт: https://aues.edu.kz/ru

Instagram: @aues_university, @aues_ipk

e-mail: s.tulegenova@aues.kz

m.salykova@aues.kz

Whatsapp+Тел.

8(705)-2083012   

8(701)7347758

8(702)5475045

 

ENERGO UNIVERSITY