Киберспорт әуесқой-студенттері үшін қуанышты жаңалық! Біз Қазақстанның алғашқы киберспорттық студенттер лигасын іске қосамыз!

Киберспорт әуесқой-студенттері үшін қуанышты жаңалық! Біз Қазақстанның алғашқы киберспорттық студенттер лигасын іске қосамыз!


01.10.2020 Барлық жаңалықтар


Киберспорт әуесқой-студенттері үшін қуанышты жаңалық! Біз Қазақстанның алғашқы киберспорттық студенттер лигасын іске қосамыз!

 «Халық» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетімен және Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім қорымен бірлесіп, Qazaq Cybersport Federation қолдауымен студенттік киберспорт бойынша ұлттық жоба National Esports Student Association басталғаны туралы хабарлайды.

Елімізде киберспортты жас ұрпақ арасында танымал ету мақсатында Қауымдастық шеңберінде Kazakhstan Esports Student League құрылды.

Осындай лиганы құру - Қазақстандағы киберспортты дамытудағы үлкен қадам: еліміздің үздік жоғары оқу орындары алғаш рет киберспорттық пәндер бойынша өз құрамаларын жинайды.

Kazakhstan Esports Student League Қазақстанда киберспорт қоғамдастығын дамытуға жүйе құраушы серпін беріп қана қоймай, көптеген жас таланттарды да ашады.

 «Халық» қайырымдылық қоры мен Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің еліміздің ірі және беделді жоғары оқу орындарын біріктіретін жобадағы бастамасы студенттік ортада олимпиадалық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған және спорт мәдениетін танымал етуге жағдай жасайды.

Ұлттық Олимпиада комитеті мойындаған және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі аккредиттеген Qazaq Cybersport Federation-ның қатысуы студенттік командаларға үлкен киберспорт әлеміне жол ашып, турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Kazakhstan Esports Student League серіктестері қарқынды танымалдыққа ие болып келе жатқан жастар платформасын қолдай отырып, студенттік аудиторияның Олимпиада ойындарына және жалпы спортқа деген қызығушылығының артуын, сондай-ақ жас ұрпақтың спорттық іс-шараларға белсенді қатысуын күтуде.

Киберспорт бойынша студенттер лигасы тұрақты негізде өтеді және төрт маусымнан тұрады, олардың әрқайсысында ойын пәндері өзгереді.

Лиганың бірінші маусымында ішкі жарыстардың нәтижелері бойынша қалыптасатын жеті университеттің: UIB, Astana IT University, KBTU, AUES, IITU, Satbayev University және KazNU құрамалары қатысады.

Турнирдің екінші маусымынан бастап барлық қалған ЖОО-лар үшін National Esports Student Association-ға кіру мүмкіндігі ашылады.

Студенттік лиганың бірінші маусымы 2020 жылдың 10 қазанынан 12 қарашасына дейін PING Mobile, CS:GO және Starcraft II пәндері бойынша өтеді. Турнирлерге тіркелу 2020 жылдың 02 қазанында ашылады.

Kazakhstan Esports Student League-ге қатысыңыз! Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды!

Барлық сұрақтар бойынша Ақпараттық технологиялар институтының дирекциясына хабарласыңыздар: isuit@aues.kz

ENERGO UNIVERSITY