"Бағдарламалау әркімнің қолынан келеді" ашық дәрістері



24.11.2020 Барлық жаңалықтар


Қазақстанда алғаш рет оқушыларға, студенттерге, педагогтерге және барлық ниет білдірушілерге арналған "Бағдарламалау әркімнің қолынан келеді" атты ашық дәрістер өтеді. Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, іteacher Academy және ASBIS, АЭжБУ, ХАТУ, SDU, Satpayev University, Astana IT University Ақпараттық технологиялар институтымен серіктестікте ұйымдастыруда.

Әрбір қатысушы бағдарламалау негіздері туралы және осы шеберліктің қазіргі әлемде ашатын мүмкіндіктері туралы көптеген пайдалы нәрселерді білудің бірегей мүмкіндігіне ие болады.

Біз әр түрлі жастағы және бағдарламалауды меңгеру деңгейіндегі тыңдаушыларға дәрістер дайындадық:

Дәріс кестесі:

30 қараша

14:00 – 14:30

Салтанатты ашылу

14:30 – 15:30

Кімге: ата-аналар мен барлық ниет білдірушілерге

Тақырыбы: Мектепте және үйде бағдарламалау

Дәріскер: Алина Слепушкина (Білім беру бойынша Apple тренері, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы бойынша курстардың авторы)

20:00 – 22:00

Кімге: студенттер мен бастаушы бағдарламашыларға

Тақырыбы: Android-әзірлеуші: алғашқы қадамдардан қолданбаға дейін

Дәріскер: Данияр Муханов (Halyk Bank-те әзірлеуші, Android үшін бизнес-қосымшаларды әзірлеуші)

2 желтоқсан

14:00 – 16:00

Кімге: ЖОО жетекшілері мен оқытушыларына, студенттер мен болашақ бағдарламашыларға

Тақырыбы: ЖОО-да Swift тілін оқыту. iOS-әзірлеуші мамандығы.

Дәріскер: Денис Быструев (iO-әзірлеуші. learnSwift.ru негізін қалаушы)

3 желтоқсан

14:00 – 16:00

Кімге: студенттер мен түрлі деңгейдегі бағдарламашыларға

Тақырыбы: iOS-әзірлеуші мамандығы. WWDC (Apple Worldwide Developers Conference) қатысушысы болу

Дәріскер: Филипп Захарченко (App Store қосымшаларының авторы, Apple WWDC 4 дүркін қатысушысы)

19:00 – 20:00

Кімге: мектеп мұғалімдеріне

Тақырыбы: Мектепте және үйде бағдарламалау

Лектор: Алина Слепушкина (Білім беру бойынша Apple тренері, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы бойынша курстардың авторы)

Іс-шараға тіркеліп, әр спикер мен дәріс бағдарламасы туралы толығырақ www.codeweek.kz сайтынан білуге болады.

Егер сіз бағдарламалауды үйренгіңіз келсе немесе осы бағыт туралы көбірек білгіңіз келсе, онда бұл іс-шара сіз үшін!

Біздің серіктестер:

Academy one

@aues_university

@iitu_kz

@sdukz

@astana_it_university

@kazntu_official

www.learnSwift.ru

 

ENERGO UNIVERSITY