08.01.2021 Барлық жаңалықтар
ТЕК АЭжБУ 1-курс студенттерінің назарына!
Жатақханадағы орындар басым тәртіппен 1-курс студенттеріне бөлінеді (бос орындар болған жағдайда ғана олар жеңілдікпен оқитын және басқа курстардағы студенттерге берілуі мүмкін).
«Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына 28.12.2020 ж. өзгерістердің енгізілуіне сәйкес университетте жатақханаға орналасу тәртібі өзгертілді:
- Бұйрықтың 36-тармағы 19-тармақшамен «жатақханаға орналасу қажеттілігі анықталсын және білім алушыларды көктемгі семестрге дейін бөлмелермен 50% толтырумен орналастыру бойынша жұмыс жүргізілсін» толықтырылғандықтан, жатақханалар әлеуметтік қашықтық пен карантин нормаларын сақтау үшін орындардың жалпы санының азаюын ескере отырып, 1-курс студенттерін қабылдауға дайын.
- Жатақханаға орналасу кезінде COVID-19 анықтамасын (қоныстануға дейін 3 күннен кешіктірмей, өз қаласында немесе Алматы қаласында алынған), № 086 нысанындағы анықтаманы (көшірмесі) және флюорографияны ұсыну қажет..Егер сізде COVID-19 анықтамасы болмаса, сіз оны Алматы қаласына келгеннен кейін студенттік емханадан тегін ала аласыз.
- ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығының өзгеруіне байланысты жатақханаларда тұру құны артуы мүмкін.
- Жатақханадан орын алу үшін студенттерге № 120А кабинетке (А ғимараты) жүгіну қажет.
Сондықтан 1 ақпанға қарай Алматыға келу не келмеуді ата-аналарыңызбен кеңесіп, үнемі өзгеріп отыратын эпидемиологиялық жағдайды (және вирустық ауру белгілерінің болмауын) ескере отырып, Сіз өзіңіз шешуіңіз керек, және 17.01.2021 жылға дейін алдыңғы хабарландырудың 1 немесе 2-нұсқасы бойынша институт директоратына өтініш жазуыңыз қажет.