Нон-стоп режимінде.Университетте Ғылыми кеңестің отырысы өтті

Нон-стоп режимінде.Университетте Ғылыми кеңестің отырысы өтті


13.01.2021 Барлық жаңалықтар


Нон-стоп режимінде

Университетте Ғылыми кеңес отырысы өтті

Оффлайн және онлайн режимінде кезекті, бірақ 2021 жылы алғашқы рет Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ КеАҚ Ғылыми кеңесінің отырысы өтті.     

Отырыс Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры С.С. Сагинтаеваның төтенше жағдай және карантин кезеңінде «Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ базасында «062-Телекоммуникация» және «071 – Инженерия және инженерлік іс» жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыты бойынша РОӘК Жобаларды басқару тобы – оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмысына белсенді қатысқаны үшін ЭЭЖ кафедрасының меңгерушісі, доценті т.ғ.к. Е.К. Үмбеткуловқа,  ЭР каф. доценті, т.ғ.к. Г.Д. Естемесоваға, IT-инжиниринг каф. аға оқытушысы                           К. Мукапилге, IT-инжиниринг каф. оқытушысы М. Пипияға, сондай-ақ қашықтық форматында РОӘК ЖБТ-ОӘБ отырыстарын өткізуді мінсіз ұйымдастырғаны үшін АМД маманы              А.Д. Нуртаеваға алғыс жариялаудан басталды.
         Бұдан әрі күн тәртібіне сәйкес студенттерді толық ақылы оқудан мемлекеттік грантқа ауыстыру туралы мәселе қаралды. Ғылыми кеңеспен институт директорларының баяндамалары тыңдалды, онда мемлекеттік грантқа үміткер студенттердің аты-жөндері аталды: Электр энергетика және электр техника институтының директоры Жұбаныш Сүйнуллаұлы Әбдімұратов, Ақпараттық технологиялар институтының директоры Тимур Саатдинұлы Қартбаев, Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институтының директоры Ғани Құдайбергенұлы Балбаев және Жылу энергетика және басқару жүйелері институтының директоры Балжан Төрепашқызы Бахтияр.
        Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша мемлекеттік грантқа үміткер студенттердің кандидатуралары бойынша дауыс беру өтті. Бос гранттар туралы хабарландыру университет сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылғанын атап өткен жөн. Алайда, университет ректорының айтуынша, бұл процесс барынша ашық болуы және мемлекеттік грантқа үміткер білім алушыларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай конкурстарда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және барлық кезеңдердің ашықтығын қамтамасыз ету қажет.
        Ғылыми кеңес, сондай-ақ 2020-2021 оқу жылына арналған ҚР Президенті бекіткен стипендияға білім алушылардың ұсынымдары туралы мәселені қарады. 2-ші семестрдегі әрбір оқу пәні бойынша емтихан нысанын бекіту туралы мәселе қызу пікірталас тудырды, өйткені ол бүгінгі күні өзекті болып табылады және білім беру сапасын қамтамасыз етумен байланысты.             

Қашықтықтан оқыту жағдайында әрбір оқу пәні бойынша емтиханның неғұрлым қолайлы нысаны тестілеу болып табылатынына қарамастан, отырысқа қатысушылар бақылаудың осы нысанын қайта қарау туралы ортақ пікірге келді. Университет ректоры С.С. Сагинтаева әдістемелік кеңесте әлемдік білім беру практикасында қолданылатын тестілеудің әртүрлі нысандарын талқылау және қарастыру қажеттігін атап өтті. Тестілеудің әртүрлі формаларының үйлесуі ең талантты және қабілетті студенттерді анықтауға мүмкіндік береді. Ал белгілі бір пән бойынша ашық тест әңгімелесудің ауызша формасымен бірге білім сапасы мен деңгейін сақтауға ықпал етеді.

Ғылыми кеңестің отырысы барысында 2020-2021 оқу жылына докторанттардың кешенді емтиханын қабылдау үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Алия Аликовна Еламанова баяндама жасады. Белсенді талқылау Университет түлектерінің қажеттілігі туралы мәселені және оның даму тенденциялары тұрғысынан еңбек нарығын талдау туралы туындады.

Академиялық мәселелер департаментітің (мансап орталығы) жетекші маманы Гульшат Ибадатовна Мухамедсариева баяндама жасады. Жұмысқа орналастыру көрсеткіші – университеттің білім беру бағдарламаларына сұранысты бағалаудың ең объективті критерийі. Біздің университет рейтингтерге қатысады және жұмысқа орналасудың жоғары деңгейіне ие. Атап айтқанда, U-Multirank халықаралық рейтингінде «Contact to work environment» («Жұмыс ортасымен ынтымақтастық») параметрі бойынша АЭжБУ энергетика және ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша үздік 25-ке кіреді. ЗТМО деректерімен расталған «Атамекен» ҰКП қазақстандық рейтингісінің нәтижелері бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші 83-95%-ды құрайды. Алайда, мұнымен тоқтап қалмау керек.     

Университет ректоры Сауле Советовна Сагинтаеваның пікірінше, біздің студенттерді жұмысқа орналастыру мәселесін барлық бағыттар бойынша талдау және бақылау қажет. Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін үнемі бақылауда ұстау керек, яғни біз қандай позициялар бойынша арттамыз, немесе керісінше, түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін қандай позициялар бойынша жақсарттық. Бос жұмыс орындары банкін және түйіндеме банкін дамыту және толықтыру керек және әлеуетті жұмыс берушілермен тұрақты негізде кері байланыста болу керек. Сонымен қатар ұсынымдар жасап, бос жұмыс орындарының апта сайынғы мобильді жәрмеңкелерін ұйымдастыру қажет. Бұл жұмысқа Маркетинг департаментін, Ақпараттық технологиялар департаментін қосу қажет. Ғылыми кеңес отырысы аясында басқа да мәселелер қаралды. Сонымен, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурс туралы ақпарат айтылды. Атап айтқанда, 22 қаңтарда университеттің кафедраларында байқаудың бірінші кезеңі басталады.

А.Т. Мухамбедьярова

Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры

ENERGO UNIVERSITY