"Zerde" мектебінің оқушылары АЭжБУ-да болды


14.01.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 13 қаңтарында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне "Zerde"мектебінің 11-сынып оқушылары келді.
Ашық есік күні аясында, оқушылар ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша ақпарат алды, АЭжБУ білім беру бағдарламаларымен және университеттің студенттік өмірімен танысты. Оқушыларға зертханалық-техникалық база бойынша экскурсия жүргізілді.
Іс-шара университет ректоры Сауле Саветовна Сагинтаевамен кездесумен және естелік сыйлықтар табыстаумен аяқталды.