19.01.2021 Барлық жаңалықтар
Семинар тақырыбы: «ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА IT МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ»
Ақпараттық технологиялар институты семинарларының топтамасын «IT-инжиниринг» кафедрасы PhD, қауымдастырылған профессор, Astana IT University АКТ білім беру бағдарламаларының жетекшісі Дидар Еділханның 2021 жылғы 20 қаңтар сағат 15.00-де «ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА IT МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ» тақырыбындағы семинармен жалғастыруда.
ДИДАР ЕДІЛХАН - PhD, қауымдастырылған профессор, Astana IT University АКТ білім беру бағдарламаларының жетекшісі. UCL (University College London) - London's Global University-де Business Analytics-ті оқыған.
Ғылыми қызығушылықтары:
- Сөйлеу және нейрожелілік технологиялар;
- Зияткерлік жүйелер мен деректерді өңдеу;
- Жүйелік талдау және шешім қабылдау;
- Ақылды технологиялар;
- Жаңартылатын энергетикадағы технологиялық процестерді автоматтандыру;
- Математикалық үлгілеу;
- Машиналық оқыту.
Ғылыми жобалары:
- №АР05132648 ГҚ «Заманауи сөйлеу және мобильді технологиялар негізінде вербалды-интерактивті роботтарды құру» тақырыбындағы онлайн-семинары;
- BR05236693 БНҚ «Термосифон айналымымен біріктірілген тиімді екі контурлы гелиоколлекторлар желісін құру бойынша математикалық және компьютерлік үлгілер, бағдарламалық-аппараттық құралдар және тәжірибелік-эксперименттік әзірлемелер және олардың жұмыс істеу мониторингі».
Қатысу сілтемесі: http://meet.google.com/wof-pxwf-nnh