Ақпараттық технологиялар институтының «УНИВЕРСИТЕТТЕ СТАРТАП ЭКО-ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ» тақырыбындағы семинары 2021 жылдың 22 қаңтары сағат 16.00

Ақпараттық технологиялар институтының  «УНИВЕРСИТЕТТЕ СТАРТАП  ЭКО-ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ»  тақырыбындағы семинары  2021 жылдың 22 қаңтары сағат 16.00


21.01.2021 Барлық жаңалықтар


Ақпараттық технологиялар институты семинарларының сериясын "IT-инжиниринг" кафедрасы 2021 жылғы 22 қаңтарда сағат 16.00-де Astana IT University-де техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Киберқауіпсіздік» және «Телекоммуникациялар» білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Бейбіт Әмірғалиевтің «УНИВЕРСИТЕТТЕ СТАРТАП ЭКО-ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ» тақырыбындағы баяндамасымен жалғастыруда.

Бейбіт Әмірғалиев - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Astana IT University»-де «Киберқауіпсіздік» және «Телекоммуникациялар» білім беру бағдарламаларын үйлестіреді. Ғылым мен техника саласындағы жоғары жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты (2015), жас ғалымдарға арналған Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін Д.А. Қонаев сыйлығының лауреаты (2012). «ABY Applied Systems» ЖШС директоры.

Компания Дүниежүзілік банк пен ҚР БҒМ ғалымдардың инновациялық әзірлемелерін қолдау бағдарламасы шеңберінде құрылды. Компания ғылыми қызметпен және өз әзірлемелерін коммерцияландырумен айналысады. Нарықта TopHat автомобиль нөмірлерін тану жүйесі, AUA ауа сапасын бақылау (Common Sense-пен бірге) және «Глобус» сауда-ойын-сауық орталығының паркоматы сияқты өнімдерімен танымал.

     Ғылыми қызығушылықтары:

Қатысу сілтемесі: meet.google.com/bft-xdzt-npi

ENERGO UNIVERSITY