Schneider Electric және АЭжБУ өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша құзыреттілік орталығын құрады

Schneider Electric және АЭжБУ өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша құзыреттілік орталығын құрады


27.01.2021 Барлық жаңалықтар


Schneider Electric және АЭжБУ өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша құзыреттілік орталығын құрады

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Schneider Electric жаңа оқу-зерттеу зертханасының ашылуы қарсаңында ректор Сауле Сагинтаева өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы әлемге танымал осы компанияның өкілдерімен кездесті.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Schneider Electric компаниясының автоматика және басқарудың заманауи құралдарымен жабдықталған жаңа оқу-зерттеу зертханасын іске қосуға дайындық аяқталуда. 12 оқу стендінде студенттер мен магистранттар өндірістік бақылаушылармен, жиілікті реттегіштермен, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің атқарушы механизмдерімен және бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс жасауда қажетті білім мен дағдыларды ала алады.

Зертхананың ашылуы ақпан айына жоспарланған. АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаева мен «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі Игорь Федоренконың Schneider Electric компаниясының қазақстандық офисі компаниясының өкілдері – жобаны басқаратын автоматтандыру бөлімінің басшысы Зеин Назайбековпен және маркетинг жөніндегі менеджер Алена Кудиновамен кездесуінде басқа да мәселелер туралы сөз қозғалды.

Оқу-зерттеу зертханасы  – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Schneider Electric өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша құзыреттілік орталығын құру жолындағы қадамдардың бірі ғана. Жақын арада «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқытушылары үшін Schneider Electric мамандары жүргізетін біліктілікті арттыру курстарының топтамасын аяқтау жоспарлануда.

Алдағы уақытта студенттер үшін түрлі іс-шаралар өткізу және Қазақстанның түрлі өңірлерінде компания серіктестерінің жобаларына қатысу үшін кандидатураларды іріктеу көзделіп отыр. Сонымен қатар, мысалы, техникалық жүйелердегі автоматтандыру және басқару мамандары үшін біліктілікті арттыру курстарын бірлесіп өткізуге ниет білдірілді. Жалпы – идеялар көп!

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен Schneider Electric компаниясы ең маңызды, ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған!

 

 «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы         

      

 

ENERGO UNIVERSITY