2021 жылдың 27 қаңтарында Google Meet платформасында "Timal Consulting Group" ЖШС бас экологы Аллаяр Хакымжанович Абытовпен "Экологиялық жобалаудың артықшылықтары" тақырыбында семинар өткізілді

2021 жылдың 27 қаңтарында Google Meet платформасында


29.01.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 27 қаңтарында Google Meet платформасында "Timal Consulting Group" ЖШС бас экологы Аллаяр Хакымжанович Абытовпен "Экологиялық жобалаудың артықшылықтары" тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушы Жылу энергетика және басқару жүйелері институтының "Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі" кафедрасы болды.

 Семинардың мақсаты– атмосфералық ауа мен су, жер ресурстарын қорғауға бағытталған шаруашылық және басқа да қызмет жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру.

Әлемде экологиялық жобалаудың маңызы зор, өйткені сауатты дайындалған жобалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы табиғат пайдалану мәселелерін шешуге көмектеседі.

Семинарда келесі мәселелер тыңдалды:

- Қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) бойынша басты іс-шаралар;

- Технологиялық рәсімдердің аймақтардың экологиялық жағдайына әсерін бағалау;

- Санитарлық-қорғау аймағының есебін орындау;

- Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар;

- Қоршаған ортаға әсерді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘБ, алдын ала ҚОӘБ);

- Атмосфераға шекті жол берілетін шығарындылар (ШЖШ) нормативтерінің жобаларын әзірлеу;

-Қоршаған ортаға шекті жол берілетін төгінділер (ШЖБТ) нормативтерінің жобаларын әзірлеу.

Іс-шараға ТҚҚОҚ мамандығының 1-4-курс студенттері, "ИЭЕҚ" кафедрасының ОПҚ және т.б. қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі соңғы өзгерістермен және толықтырулармен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жергілікті базасымен танысты. "Timal Consulting Group" ЖШС бас экологы А.Х. Абытов кәсіпорындар үшін экологиялық есептілікті жасау және табиғат пайдалануды қорғау саласында жобаларды әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. 

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуына көшу аясында Жылу энергетика және басқару жүйелері институтының "Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі" кафедрасы келесі айда қоршаған ортаны қорғау саласында тағы бір вебинар өткізуді жоспарлап отыр.

ENERGO UNIVERSITY