"Автоматтандыру және басқару" кафедрасы мен "Ханиуэлл-АСУ" компаниясы бірлескен жобаларға қатысуды талқылады



15.02.2021 Барлық жаңалықтар


«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы мен «Ханиуэлл-АСУ» компаниясы бірлескен жобаларға қатысуды талқылады

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының ғылыми бағыттарының өкілдері «Ханиуэлл-АСУ» компаниясының бас директоры Серік Әбдіғалиевпен кездесті. Кездесудің мақсаты - өнеркәсіптің түрлі салаларында автоматтандыру бойынша бірлескен жобаларға қатысу.

«Ханиуэлл-АСУ» компаниясы - бұл өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы басқару құралдары мен жүйелерінің әлемге әйгілі әзірлеушісі Honeywell (АҚШ) корпорациясының қазақстандық өкілі. Кездесуге өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізудің қомақты тәжірибесі бар «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқытушылары - профессорлар Ирбулат Өтепбергенов, Бақыт Мұханов, Сәрсенбек Жүсіпбеков, доценттер Ақамбай Бейсембаев және кафедра меңгерушісі Игорь Федоренко, аға оқытушы Шынар Әділова қатысты. Бірлескен жоспарларды талқылауға Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Алмаз Саухимов қатысты.

Техника ғылымдарының докторы Ирбулат Өтепбергенов ақпараттық технологиялар және «үлкен деректерді» өңдеу саласында Қазақстанның аумағынан тыс жерлерге танымал беделді маман болып табылады. Бақыт Мұханов - өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Тағы бір профессор Сәрсенбек Жүсіпбеков АЭжБУ-да технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің ғылыми-зерттеу зертханасын басқарады.

«Ханиуэлл-АСУ» компаниясының бас директоры Серік Әбдіғалиев Honeywell компаниясының Қазақстандағы 20 жылдан астам уақыт ішінде пайдалануға енгізілген әзірлемелері туралы айтып берді. Көптеген серіктестердің ішінде «Теңізшевройл», «Қарашығанақ», «ҚазМұнайГаз», «KEGOC», «Қазфосфат», «ҚазТрансОйл», «ERG», «Қазпошта», «Қазақмыс», «Эйр Астана», «Nostrum: Oil&Gas» және т.б. белгілі корпорациялар мен компаниялар бар.

АЭжБУ-да өткен кездесуде «Ханиуэлл-АСУ» компаниясы мен «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының Қазақстанның отын-энергетикалық кешені объектілерінде Автоматтандыру және басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша бірлескен инженерлік жобаларға қатысу туралы жоспарлары талқыланып, белгіленген болатын.

Айта кету керек, АЭжБУ мен «Ханиуэлл-АСУ» арасында ынтымақтастық туралы меморандум жұмыс істейді. Серік Әбдіғалиевтің өзі екінші жыл «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша дипломдық жобаларды қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы болып табылады. АЭжБУ-да Honeywell жабдықтарымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған ғылыми-зерттеу зертханасын құру жоспарланған. Компания «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқу жоспарларын әзірлеуге қатысады, студенттерді практикаға қабылдайды. Ал АЭжБУ түлектері Қазақстанның үш қаласында – Нұр-сұлтан, Алматы және Атырауда кеңселері бар Honeywell қызметкерлері арасында бар екені сөзсіз.

ENERGO UNIVERSITY