«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰСТАНЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰСТАНЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ


15.02.2021 Барлық жаңалықтар


«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰСТАНЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

(Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысынан соңғы ойлар)

Елбасының ұсынуымен болған 2018 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында қоғамдық өмірде үлкен сілкініс басталғанын көріп отырмыз. 2004 жылғы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын одан әрі жалғастыруда дәнекер рөлін атқара бастаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ақыры Қазақ тарихының ұзақтығына және оны оқытудың күрделілігіне қарамай, оны пән ретінде жандандыра түсудің жолдарын көрсетіп отыр.

Оны 11 ақпанда болған Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысынан байқауға болады. Егер осы отырыста айтылған пікірлер мен ұсыныстарға мән берсек, «Рухани жаңғыру» адам капиталын дамытудың басты бағдары әрі қоғам үшін жаңа идеологиялық тәртіп орнатудың негізгі тетігіне айналғандығы белгілі болды. Бұны сол отырыста айтылған пікірлер жиынтығы десек, қорытынды ұсыныс Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асырудың арнайы Жол картасы болды. Бұл Үкіметке берілген тапсырма болғанмен, оның табысы болуы әр мекеменің өз тарапынан беретін ұсыныстарымен баянды болмақ. Осы орайда, Ғұмарбек  Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің тарихшы-профессоры ретінде айтарым, тарихты бұрынғыдай идеологиялық құрал ретінде емес, идеологиялық саяси тәрбиеші ретінде оқытуға мән беріп, өз ділімізге орайлас келетін ауызша тарих айту мәселесін қайта жаңғыртуға барынша күш салу керек деп ойлаймын. Осы ойымның табысты болуы үшін 2008 жылы шығарылған дарынды этнограф Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегін жан-жақты ой елегінен өткізіп, айналымға ендірсек, «Халық тарихы» атты жобалық кеңестің ашылуына жол ашылып, мемлекеттік ұстанымның ұйытқысына айналар еді.

БАҚДӘУЛЕТ Берлібаев

ӘП кафедрасының профессоры т.ғ.д.

ENERGO UNIVERSITY