Негізгі лейтмотив – ғылым және оқыту сапасы

Негізгі лейтмотив – ғылым және оқыту сапасы


17.02.2021 Барлық жаңалықтар


Негізгі лейтмотив ғылым және оқыту сапасы

Оффлайн және онлайн режимінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ КеАҚ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры   С.С. Сагинтаеваның «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының меңгерушісі А.А. Кибариннің 60 жылдық мерейтойымен құттықтауынан басталды. Университет ұжымы және Қамқоршылар кеңесі Андрей Анатольевичке зор денсаулық және сарқылмас қуат тіледі. Одан әрі Семей қ. Шәкәрім университетінің базасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижелері жарияланды. Біздің Жылу энергетикасы мамандығының студенттері Р.А. Калашников, Н.Д. Сугербаев,  А.М. Жұмағалиев барлық жүлделі орындарды және бірінші командалық орынды иеленді. Университет ректоры М.Г. Ескендіровтен олимпиадаға қатысқан жетекшілер мен студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс хат келіп түсті. Атап айтқанда, жетекшілер К.С. Олжабаеваға,        Н.Г. Борисоваға, С.М. Абельдиноваға. ТЖ бойынша проректор С.К. Махмутов Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры  С.С. Сагинтаеваға сайлау алдындағы науқанға белсенді қатысқаны үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті.

Одан әрі күн тәртібіне сәйкес оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие қызметін жүргізу нысандары мен әдістері туралы ТЖ, ҒИҚ жөніндегі проректорлардың есептері тыңдалды. ТЖ жөніндегі проректор С.К. Махмутов 2020 жылдың сәуір айынан бастап университетте жаңа жұмыс түрлері пайда болғанын, жаңа бастамалар іске асырылғанын, тәрбие жұмысы бойынша жаңа іс-шаралар жоспарланғанын және сәтті өткізілгенін атап өтті.

Идеологиялық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы күреске ерекше назар аударылады. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты үйлестіретін «Парасат» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығы жұмыс істейді. АЭжБУ психологиялық қызметі белсенді жұмыс істейді. Университет ұжымының алдында тәрбие жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жаңа міндеттер тұр: тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу бойынша құзыреттілік жүйесін әзірлеу, жастар саясатын жүзеге  асыруға қатысу мониторингі, ЖС психологиялық-педагогикалық қолдау; тәлімгерлер мектебін құру, оның қызмет алгоритмін әзірлеу, университет оқытушылары мен қызметкерлерінің педагогикалық этиканы сақтауын қамтамасыз ету, жастар саясатын іске асыруға қатысу уәждемесінің жүйесін әзірлеу; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыстың жүйелілігі мен әлеуметтік бағыттылығын қамтамасыз ету; аудио және бейне аппаратураның қажетті саны мен тиісті сапасын сатып алу, психологиялық қызметті қажетті жабдықтармен және материалдармен жарақтандыру; білім алушылардың белсенділігін үйлестіру және көтермелеу үшін қолда бар бос алаңдарды белсенді пайдалану. АЭжБУ мұражайын құру бойынша жұмыстарды жеделдету; жастар саясатымен айналысатын ОПҚ, қызметкерлер мен студенттердің біліктілігін атаулы арттыруды қамтамасыз ету. Осылайша, карантиндік шаралар мен қашықтықтан оқыту форматының қолданылу кезеңінде алынған тәжірибе жастар саясатын іске асырудағы тәуекелдер мен қауіптерді жою жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеуге, әлсіз жақтарды күшті етуге және қолда бар, сондай-ақ ашылатын мүмкіндіктерді барынша пайдалануға мүмкіндік береді.

ҒИҚ  жөніндегі проректор А.А. Саухимов ғылыми-зерттеу қызметінің нысандарына тоқталды, мәселен, бастамашыл ҒЗЖ келесі құрамдас бөліктерді көздейді: докторанттар, магистранттар, оқытушылар қатарынан ғылыми команда құру, өзекті зерттеулер жүргізу; ғылыми команданың қатысушысы болу; салалық әріптестермен жұмыс («АЖК» АҚ, «ҰҒЗТО» АҚ және т. б.); ақы төленетін ғылыми жұмыстарды іздестіру және оларға қатысу (гранттық қаржыландыру, келісім-шарттық жобалар, халықаралық жобалар); тақырыптық салалық вебинарларға қатысу; салалық, сараптамалық кеңестерге, ғылыми-техникалық кеңестерге және т.б. қатысу және жұмыс істеу. Міндетті ҒЗЖ-мен ғылыми-зерттеу қызметінің әдістері бойынша рейтингтің ашық әдістемесі; докторанттар жетекшілеріне ақы төлеудің ашық әдістемесі әзірленді; мақалаларды қаржыландыруға, докторанттарды даярлау кезінде конференцияға қатысуға жағдайлар жасалды; магистранттар мен докторанттарды даярлау үшін перспективалы және өзекті ғылыми бағыттар айқындалды.

Бастамашыл ҒЗЖ-мен ғылыми-зерттеу қызметінің әдістері бойынша жүктеме мөлшерлемесінде сағаттардан жеңілдіктер ала отырып, зерттеуші оқытушылар үшін конкурс өткізу әдістемесі әзірленді; гранттық қаржыландыру конкурстарына, келісімшарттық жобалардың ашық конкурстарына қатысуға кеңес беруге жәрдемдесу; әріптестерді іздеу; көрсетілетін қызметтердің қызметін кеңейту үшін жаңа рұқсат беру құжаттарын алу; келісім-шарттар мен шарттарды әкімшілік қолдау; халықаралық ынтымақтастықты қолдау; зияткерлік меншік құжаттарын әкімшілік қолдау; ҒТК-да маңызды шешімдер қабылдау. Коворкинг орталығын құру жоспарлануда. Оның мақсаты: өзінің стартап идеяларын іске асыру үшін жағдай жасау; университет студенттері арасында ғылымды танымал ету; талапкерлер мен басқа да ЖОО арасында университеттің беделін көтеру; іскерлік жағдай еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді; студенттердің стартап-конкурстарға қатысуын ұйымдастыру, сондай-ақ басқа да білім беру және ойын-сауық іс-шаралары.

АМД директоры Р.Р. Мухамеджанова «Оқытушы студент көзімен»  сауалнамасының қорытындысын ұсынды. 2021 жылдың қаңтар айында білім беру қызметтерінің сапасына студенттердің қанағаттануына мониторинг жүргізу мақсатында студенттерге сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 1826 студент қатысты, бұл білім алушылардың  жалпы санының 26% құрайды. Жалпы, сауалнама нәтижелері бойынша студенттер университет ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттанады. Жалпы ұсынымдар ретінде сауалнамаға жауап берушілер: практикалық дайындық көлемін ұлғайтуды; оффлайн форматындағы пәндердің санын арттыруды; оффлай форматта оқуға көшуді ұсынды. Егер бұрын «Білім алушылар қосымша қандай пәндерді оқығысы келеді?» деген сұраққа студенттер бейінді және IT пәндерді көрсетсе, қазір бейінді пәндермен қатар олар: шешендік өнер, тіл тапқыштық, коннектинг, жұртшылықпен байланыс бағыттарын да таңдауда. «Әлеуметтік пәндер» кафедрасына ЖБП блогының пәндерінде осы тақырыпты қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ Мансап орталығы, Студенттер кәсіподағы комитеті, белсенділер осы бағыт бойынша бірқатар оқыту семинарлары мен кездесулерін өткізе алады. Сонымен қатар, Академиялық комитет отырысында пәндер бойынша бейне-контентті күшейту мәселесін қарастыру қажет.

ТО бастығы В.В. Неледва 2020/2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары және оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар туралы айтып берді, қысқы емтихан сессиясын тапсыруға бакалавриаттың 1-4-курстарының 5877 студенті жіберілді, оның ішінде грант бойынша білім алатындар 5270 (3901), ақылы негізде оқитындар 607 (589).  

Жалпы университет бойынша үлгерім көрсеткіштерінің 10%-ға жақсаруы байқалады. Сапалық көрсеткіштер 30%-ға жақсарды. Жоғарыда айтылғандардан емтихандарды қашықтықтан өткізу білім алушылардың қорытынды көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады. Бастысы – бұл біздің студенттердің білім деңгейіне теріс әсер етпеуі маңызды. ТО бастығы В.В. Неледваның пікірінше, ағымдағы жұмыстардың нәтижелерін бағалау жүйесін қайта қарау және оқыту нәтижелерін бағалау мен талдаудың біршама басқа жүйесіне көшу қажет: оқытушылардың 0-ден 100%-ға дейінгі бағалардың барлық ауқымын пайдалануын қамтамасыз ету; бағаларды бөлу, медиана мен стандартты ауытқуды талдау бойынша талдауды қамтамасыз ету; бағалау өлшемшарттарында жұмысты бағалау жүргізілетін параметрлер нақты жазылуы тиіс. Университет ректоры С. С. Сагинтаева әдістемелік кеңесте әлемдік білім беру практикасында қолданылатын тестілеудің әртүрлі нысандарын талқылау және қарастыру қажеттігін атап өтті.

Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Б.Ж. Кабдушев «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» мемлекеттік емтиханы бойынша МЕК жұмысы туралы есеп берді. Баяндамашының ойынша, жалпы «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»  бойынша мемлекеттік емтихан ұйымдасқан түрде, белгіленген кестеге сәйкес өтті, МЕК олқылықтары болған жоқ. Апелляцияға тек техникалық себептер бойынша берілді, бұл әлсіз интернет, электр қуатының өшіп қалуы және т.б. себептер бойынша емтиханнан өте алмай қалған студенттер. Келесі оқу жылында студенттердің білімін бақылау үшін неғұрлым оңтайлы ретінде Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы бойынша МЕК өткізудің тесттік нысанын сақтау жоспарланып отыр.

Ғылыми кеңестің отырысы шеңберінде басқа да мәселелер қаралды: Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ профессоры атағын беру туралы, кадрлық өзгерістерге байланысты бакалаврлар мен магистранттардың жетекшілерін қайта тағайындау туралы.

Жалпы, барлық отырыстың басты лейтмотиві келесі позициялар болды:

Бірінші. Білім беру қызметін жаңғырту және оның сапасы – университет дамуының басты бағыты. Сонымен қатар, университетте білім алушылар мен қызметкерлердің түрлі ғылыми-білім беру бағдарламалары мен жобаларына қосу арқылы олардың білім беру, кәсіби және әлеуметтік тәжірибесін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған.

Екінші негізгі және тең бағалы позиция  – 2025 жылға қарай АЭжБУ – бұл Орталық Азиядағы энергетика, телекоммуникация, ақпараттық және аэроғарыштық технологиялар саласындағы озық зерттеу университеті. Атап айтқанда, әлемдік кеңістіктегі технологиялық үрдістің қазіргі жағдайына жауап беретін университеттің ғылыми және инновациялық қызметін дамытуды жалғастыру қажет.

А.Т. Мухамбедьярова

Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры

 

ENERGO UNIVERSITY