"Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік" кафедраның студенті Асия Тлеуова «Жыл студенті-2020» атағына ие болды


18.02.2021 Барлық жаңалықтар


Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының «ҚАЗАҚСТАН 2020: БОЛАШАҚҚА ЖОЛ» мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында «Bilim  òrkenieti » ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы өткізген «Жыл студенті-2020» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Бұл жарысқа Қазақстан Республикасының түрлі қалаларынан 400-ден астам өтінім жиналды. Оның ішінде ең үздік 150 авторлық жұмыс іріктелді. Ал Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ИСк-20-1 (Ақпараттық жүйелер) тобының студенті Әсия Абайқызы Тлеуова 1-дәрежелі диплом лауреаты, яғни 2020 жылдың «Жыл студенті» атанды.

Байқаудың мақсаты – үздік студенттердің инновациялық әлеуетін арттыру, жас ғалымдардың зерттеу қабілеттерін дамыту кезінде тәжірибе алмасу, патриоттық сезімді арттыру.

Әсия Абайқызы Шымкент қаласының тұрғыны, қазіргі таңда «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасында Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бірінші курс студенті.

Біздің университет студенттерін осындай түрлі конкурстарға белсенді қатысуға және еліміздің мақтанышы болуға шақырады!

А.К. Мукашева, Ph.D, «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі