«Автоматтандыру және басқару» – Schneider Electric компаниясының жаңа тренингі

«Автоматтандыру және басқару» – Schneider Electric компаниясының жаңа тренингі


09.03.2021 Барлық жаңалықтар


 «Автоматтандыру және басқару» – Schneider Electric компаниясының жаңа тренингі

Оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған ынтымақтастық шеңберінде Schneider Electric компаниясы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқытушыларына арналған тағы бір техникалық тренинг өткізді.

Тренинг 17 ақпан күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде ашылған Schneider Electric өндірістік автоматтандыру құзыреттілігі орталығының базасында 1-5 наурыз аралығында өтті. Орталықтың техникалық базасына электр энергиясын басқару және автоматтандыру саласындағы цифрлық шешімдерді ұсынудағы әлемдік көшбасшы – «Шнайдер электрик» компаниясының заманауи, өнеркәсіптік автоматика құралдарымен және бағдарламалық қамтамасыз етуімен жабдықталған 12 стенд орнатылған зертхана айналды.

Құзыреттілік орталығы өз жұмысын ашылу салтанатына дейін бастаған болатын. АЭжБУ-ға берілген жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің мүмкіндіктері «Автоматтандыру және басқару жүйелері үшін Modicon М241 және Modicon М340 бақылауыштарын бағдарламалау» тренингі кезінде толық көрсетілді. Осындай біліктілікті арттыру қорытындысы бойынша «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 11 оқытушысы Schneider Electric сертификатына ие болды.

Келесі тренинг 1-5 наурыз аралығында өтті. Оның тақырыптары – «EcoStruxure Machine Expert ортасында бақылауыштарды бағдарламалау және пайдалану» және «Altivar Process жиілік түрлендіргіштері». Сабақты Schneider Electric техникалық сарапшысы Марат Құсманов жүргізді. Тренингке «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 12 қызметкері профессор Акшолпан Копесбаева, аға оқытушылар         Владимир Погребняк, Шынар Адилова,  Жанна Тлеубаева, Лариса Рудакова, Гульмира Искакова, Бухар Кусаинов, Елена Ким, Нургазы Калышев, Жанар Лукманова, оқытушы Асемай Куанышбаева, инженер Аскар Сеитов қатысты. Қатысушылардың құрамы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту үшін Schneider Electric жабдығы мен бағдарламалық қамтамасыз етуін қандай пәндерде пайдалану жоспарланғанына қарай қалыптастырылды.  

Тренинг бағдарламасы өте мазмұнды болды. «Ecostruxure Machine Expert ортасында бақылауыштарды бағдарламалау және пайдалану» курсы келесі бөлімдерді қамтыды:

- аппараттық құралдарға шолу;

- жобаны құру;

- бағдарламалау тілдері (CFC, ST, FBD, SFC);

- EcoStruxure Machine Expert-те визуалдау;

- VijeoDesigner-де жұмыс істеу негіздері;

- Modbus желісі бойынша деректерді беруді ұйымдастыру

«Аltivar Process жиілік түрлендіргіштері» тренингі келесі бөліктерден тұрды:

- конструкция мен құжаттаманың ерекшеліктері (конструкциялық орындау және монтаждау нұсқалары, электр және коммуникациялық сипаттамаларға шолу, шығарылатын графикалық терминал, кірістірілген Ethernet және QR-кодтарды пайдалану, мәзір және бағдарламалау жөніндегі нұсқаулық, үлгілік алгоритм және баптау ерекшеліктері, SoMove бағдарламалық қамтамасыз етуі;

- қолданбалы функциялар, қолдану ерекшеліктері (алдын ала белгіленген жылдамдықта жұмыс істеу, сыртқы ақаулық сигналы бойынша тоқтау, PID реттегіші, бақылау және басқару функциялары, WEB-server, жиілік түрлендіргішін басқару нұсқалары (кіру, шығу, Modbus).

Өткізілген тренингтердің қорытындылары бойынша бакалавриаттың келесі пәндері бойынша дәрістер мен зертханалық жұмыстардың мазмұнына толықтырулар енгізу жоспарлануда – «Автоматика элементтері мен құрылғылары», «Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер», «SCADA жүйелерді құру негіздері», «Басқару объектілерін автоматтандыру», сондай-ақ магистратура пәндері бойынша – «Цифрлық техниканы Автоматтандыру және басқару жүйелеріне интеграциялау» және «Автоматтандыру міндеттеріндегі микропроцессорлық бақылауыштардың бағдарламалық құралдары».

"Автоматтандыру және басқару" кафедрасы

                                                                                

ENERGO UNIVERSITY