ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ


09.03.2021 Барлық жаңалықтар


ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Наурыз айының 5 күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Әлеуметтік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған «тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» атты онлайн-форматта дөңгелек үстел өтті.

Негізгі баяндамашы ретінде тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы ғалым Смағұлова Светлана Одепқызы «Әлихан Бөкейханов - ұлт зиялыларының көшбасшысы» тақырыппен ұлы тұлғаның қалыптасу жолдары, қоғамдық-саяси қызметінің маңызды тұстарына тоқталып, бүгінгі таңдағы «Әлихантанудағы» жетістіктер туралы айтып берді. Тарих ғылымдарының кандидаты Төленова Зирабүбі Маймаққызы «Әлихан Бөкейханов ұстанымдарының өміршеңдігі мен маңызы» тақырыптағы баяндамасында алаш қайраткерлерінің басты ұстанымдарына талдау жасаса, әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Кабдушев Болат Жоламанұлы Әлихан Бөкейханов пен қайраткер Нығмет Нұрмақовтың ұқсастығы мен бір-бірімен байланысы турасында архив деректерін ұсына отырып баяндап берді.

Осылай шағын дөңгелек үстел ұйымдастыру арқылы кафедра оқытушылары республика көлемінде ғалымдар арасында ұйымдастырылып отырған, көрнекті мемлекет және қоғам  қайраткері, ғұлама ғалым, публицист, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановты 155 жасқа толған туған күніне орай ұлықтауға арналған іс-шараға өзіндік үлесін қосты.                                          

«Біз бай, білімді, әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін - кәсіп, білімді болу үшін - оқу керек. Ал күшті болу үшін - бірлік керек» деген Әлихан Бөкейхановтың ұстанымын бүгінгі студент жастарға жеткізу  мен түсіндірудің ең тиімді жолы өз жалғасын табатыны анық.

Зирабүбі ТОЛЕНОВА

т.ғ.к., доцент

ENERGO UNIVERSITY