Бейсенбі, 11 наурызда, Электр энергетикасы институты әлемнің 93 елінде электр энергетикасы саласында жұмыс істейтін австралиялық NOJA POWER компаниясымен онлайн семинар өткізді

Бейсенбі, 11 наурызда, Электр энергетикасы институты әлемнің 93 елінде электр энергетикасы саласында жұмыс істейтін австралиялық NOJA POWER компаниясымен онлайн семинар өткізді


12.03.2021 Барлық жаңалықтар


Бейсенбі, 11 наурызда, Электр энергетикасы институты әлемнің 93 елінде электр энергетикасы саласында жұмыс істейтін австралиялық NOJA POWER компаниясымен онлайн семинар өткізді. Семинар тақырыбы: «ЖЭК жобаларында реклоузерлерді қолдану» өте өзекті болды, өйткені Астанада өткізілген ЭКСПО – 2017 Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытудағы энергетикалық секторды декарбонизациялауға және «жасыл»  технологияларды дамытуға бағытталған жаңа векторды айқындады. Кездесуге АЭжБУ ОПҚ, докторанттар, магистранттар, сондай-ақ «АЖК» АҚ серіктес кәсіпорындарының мүдделі мамандары және т.б. шақырылды.

Семинарда электр желілерінде және ЖЭК жобаларында реклоузерлерді қолдану тәжірибесі бойынша іскерлік, кәсіби және пәндік сұхбат және пікір алмасу өтті. Австралиялық NOJA POWER Alex Veselov компаниясының өкілі біздің мамандарымыздың барлық қызықтырған сұрақтарына шын жүректен жауап берді және өз презентациясын толық көлемде ұсынды және оның материалдарын оқу мақсаттары үшін пайдалануға келісім берді.

ENERGO UNIVERSITY