17.03.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылдың 19 наурызында Google Meet платформасында Ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік саласындағы жетекші мамандармен кездесу өтеді.
Ұйымдастырушы - Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ Ақпаратық технологиялар институтының «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасы.
Баяндама жасайтын:
Рат Шындалиұлы Бердібаев – «Омар Тұрғанбек атындағы Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері» ғылыми-техникалық орталығының басшысы, с.ғ.к., ХАА академигі, Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Баяндама тақырыбы: «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ИБП ҒТО рөлі туралы»
Иван Сергеевич Азаров – ҰАУ PhD аспиранты, Ұлттық авиация университетінің авиация саласындағы киберқауіптерге қарсы күрес жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханасының жетекші маманы, ПИБ ҒТО ғылыми қызметкері.
Баяндама тақырыбы: «Ақпарат пен қауіпсіздік оқиғаларын басқарудың заманауи жүйелерін әзірлеуге қойылатын сыни талаптарды талдау»
Сайран Әділбекқызы – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша әскери іс және қауіпсіздік магистрі, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Management information systems» ББ 1-курс докторанты, ПИБ ҒТО кіші ғылыми қызметкері.
Баяндама тақырыбы: «Ашық кілтпен криптожүйелерді аппараттық іске асыруға арналған операциялық құрылғыларды зерттеу және әзірлеу».
Күні: 19.03.2021
Уақыты: сағат 16:00
Кездесуге сілтеме