НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІН II НОБЕЛЬ ФЕСТИВАЛІНЕ ЖӘНЕ НОБЕЛЬ ДӘРІСТЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІН II НОБЕЛЬ ФЕСТИВАЛІНЕ ЖӘНЕ НОБЕЛЬ ДӘРІСТЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

30.03.2021 Барлық жаңалықтар


Нобель сыйлығының лауреаттары Қазақстан мен Орталық Азия студенттері үшін мотивациялық бейне түсіріп, жас зерттеушілерді II Нобель фестиваліне және Нобель дәрістерінің апталығына қатысуға шақыруды шешті.

Лауреаттардың бейне үндеуін келесі сілтемелер бойынша көруге болады:

https://youtu.be/PSC5xTzJ1OA (сайтқа енгізу үшін)

https://drive.google.com/file/d/1v3IG0q2750hdEjWi8f4TVAkxGrfzrmPQ/ (жүктеуге арналған файл)

Естеріңізге сала кетейік, «Болашақты құра отырып…» атты Central Asia Nobel Fest II Нобель фестивалі 2021 жылдың 7-9 сәуірі аралығында өтеді. Екінші фестиваль тақырыбы технологиялар мен инновацияларға арналған үш негізгі бағытта шоғырланған: Мүмкіндіктер экономикасы, Болашақ индустриясы және EdTrends (білім беру трендтері).

Фестивальдің басты оқиғасы 2021 жылдың 12-16 сәуірі аралығында Қазақстандағы Ғылым күніне орай өтетін Қазақстан университеттері үшін Нобель дәрістерінің апталығы болмақ. Нобель дәрістері апталығы аясында Қазақстан мен Орталық Азия студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарды әлемдік деңгейдегі ғалымдарға тікелей қоя алады.

Нобель сыйлығының 8 лауреаты және серпіліс сыйлығының 9 лауреаты өздерінің қатысатындықтарын растады:

Nobel Fest Chevron корпорациясы, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, Сорос-Қазақстан қоры, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, BTS Digital, Ғылым қоры, RedBrick заң фирмасы, сондай-ақ АХҚО үздіксіз кәсіби дамыту бюросы сияқты серіктестерінің арқасында өтуде.

Нобель сыйлығының лауреаттары мен басқа да көрнекті ғалымдардың барлық дәрістерін Central Asia Nobel Fest сайтында көруге болады. Соңғы жаңалықтарды жіберіп алмау үшін Nobel Fest YouTube арнасына, сондай-ақ Instagram-дағы ресми парақшаға жазылыңыз.