«Қазақтелеком» АҚ PROTЕLECOM 2021 бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтушілерді қабылдауды жариялайды

«Қазақтелеком» АҚ PROTЕLECOM 2021 бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтушілерді қабылдауды жариялайды


08.04.2021 Барлық жаңалықтар


«Қазақтелеком» АҚ PROTЕLECOM 2021 бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтушілерді қабылдауды жариялайды

PROTЕLECOM тағылымдама бағдарламасына жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері (2,3,4-курс) қатыса алады. Тағылымдамаға өтінімдер сайтта қабылданады.

Қатысу үшін «Мен неге «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істегім келеді» тақырыбында эссе жазып, оны электронды мекенжайға жіберу керек.

Тағылымдама Қазақстанның барлық қалаларындағы студенттер үшін келесі мамандықтар бойынша қолжетімді: Ақпараттық технологиялар, Байланыс, Энергетикалық машина жасау, Қаржы, Экономика, Бухгалтерлік есеп және аудит, Маркетинг, Менеджмент, РЭТ, Логистика, HR, Заңгерлік және т.б.

PROTЕLECOM бағдарламасы бойынша тағылымдама – «Қазақтелекомның» нақты жобаларына қатысудың, бизнестің ерекшелігін түсінудің және кәсіпқойлар командасында жұмыс істеу тәжірибесін алудың бірегей мүмкіндігі. Студенттердің үздіктері компания қызметкерлері болуға немесе кадр резервіне алынуға мүмкіндік алады.

Жобаның іске қосылуынан бастап, бағдарламаны 452 қатысушысы сәтті аяқтады. Олардың көпшілігі «Қазақтелеком» АҚ командасының құрамына кірді және кәсіптерін белсенді түрде ілгерілетуде.

Сапалы білім мен практикалық тәжірибе алғыңыз және тату әрі үлкен Телекомшылар командасының мүшесі болғыңыз келсе – «PROTELECOM» тағылымдама бағдарламасына қатысыңыз.

Сұрақтарға жауаптарды 8 727 258 74 75 телефоны бойынша алуға болады, толық ақпарат сайтта

E-mail: internship@telecom.kz

ENERGO UNIVERSITY