13.04.2021 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығымен бірлесіп «Қазақстанның жасыл энергетикасының тұрақты дамуы» тақырыбында ғылыми-практикалық вебинар өткізді.
Іс-шараға қатысушылар 2021 жылғы 12 сәуірде тікелей эфирде өзекті мәселелер және Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытудың негізгі бағыттары бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу: жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша экономикалық және технологиялық кедергілерді жою, жасыл және дәстүрлі энергетиканы интеграциялау және жаңартылатын энергетикаға қызмет көрсетуді пайдалану үшін адами капиталды дамыту бойынша пікір алмасты.
Ғылыми-практикалық вебинарды Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева және «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрайымы Айгүл Сагадибековна Соловьева ашты. Модератор Қазақстанның күн энергетикасы қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Нұрғалиұлы Капенов болды.
Сауле Сагинтаева вебинар қатысушыларын ғылым күнімен құттықтап, барлығына шығармашылық ұзақ ғұмыр, денсаулық және амандық тіледі.
Ректор атап өткендей, «АЭжБУ өзін экология және ЖЭК саласындағы құзыреттілік орталығы ретінде ғана емес, сондай-ақ аса өткір әлеуметтік маңызды мәселелер мен проблемаларды талқылауға арналған дәстүрлі платформа ретінде көрсетті. Университет алғашқылардың бірі болып Экологиялық кодекс жобаларын, төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясын талқылады, Алматы ЖЭО-ны газ отынына көшіру бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге қатысты, тарифтік реттеу бойынша халықаралық мектепті, экологиялық және әлеуметтік мәселелермен байланысты ондаған іс-шараларды өткізді».
«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрайымы Айгүл Сагадибековна Соловьева ғылыми-практикалық вебинардың маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанның жасыл энергетикасын тұрақты дамыту жөніндегі конференциясы жасыл энергетика үшін кадрлар даярлау бойынша өзекті мәселелерді көтеріп, қызметкерлердің жаңа буынына талаптар қоятынын атап өтті.
Ғылыми-практикалық вебинардың спикерлері - Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Алмаз Абжалиевич Саухимов «Жасыл энергетиканы дамытудың негізгі аспектілері» баяндамасымен, ҚР Энергетика министрлігі ЖЭК департаментінің экс-директоры Айнұр Сапарбекқызы Соспанова, Smart Power Grid ҒТО жетекші ғылыми қызметкері Анур Талғатұлы Бектимиров, «Жаңартылатын энергия көздерінің электр желісіне интеграция» баяндамасымен, «KEGOC» АҚ ҰДО бас диспетчері Бекжан Батырұлы Мукатов, Электр энергетикасы және электротехника институтының директоры Жұбаныш Сүйнуллаұлы Абдимұратов жасыл энергетиканы тұрақты дамыту үшін кадрлар даярлау жөніндегі баяндамасымен және Орталық Азия Электр энергетикасы корпорациясының Басқарма Төрағасы Бағдат Еркебұланұлы Орал сөз сөйледі.