15.04.2021 Барлық жаңалықтар
Үстіміздегі жылдың 14 сәуірі күні Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихына орай еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Тәуелсіздік жылнамасы» атты зияткерлік олимпиада өтті.
Олимпиадаға біздің университетімізден «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Байдильдина Сауле Хайрулловна биылғы оқу жылының 1 семестрінде өзі дәріс оқыған топтар ішінен олимпиадаға қатысуға ниет білдірген студенттерді дайындап, «Қыр баласы» атты топ құрып, мына төмендегі студенттерді қатыстырды:
1. Кеңесбай Бекнұр – «Электр энергетикасы» мамандығы; ЭЭк-20-1. Топ көшбасшысы;
2. Бекарыс Ақылбек –«Радиотехника» мамандығы. РЭТк-20-1;
3. Төлеп Жанира - «Радиотехника» мамандығы. РЭТк-20-6.
4. Зкрияев Азамат - «Аспап жасау» мамандығы. ПСк-20-3.
Олимпиада ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматында өткізіліп,
екі кезең, бес айналымнан тұрды. Олар Таныстыру – видеоролик (3 минуттық), «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбына эссе жазу, «Тәуелсіздік тарихы» - сұрақтарға жауап беру, «Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында» атты арнайы бейнетаспаға түсірілген сауалдарға жауап беру, «Қара жәшік» деп аталатын топ көшбасшысына арналған сұраққа жауап болды.
Осы олимпиада шарттарын орындау барысында үздік шыққан университетіміздің «Қыр баласы» тобы жүлделі 1 орынды иемденіп, абыройымызды асқақтатып қайтты. Жюри топтың төрт студентін де терең білім деңгейі, толық жауаптары, шапшаңдығы үшін ерекше атап өтті. Мұның сыртында мазмұнды «Үздік презентация-ролик», «Үздік капитан» номинацияларын жеңіп алды.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің үстіміздегі оқу жылының 1 семестрінде өтіп кеткеніне қарамастан, олимпиадаға қатысуын сұраған ұстаздарының ұсынысын қабылдап, жоғары дайындығын көрсеткен студенттерімізге алғыс айтамыз!
Төменде топтың таныстыру-видеоролигін көруді ұсынамыз.
Болат КАБДУШЕВ
Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі