Жылу энергетика және басқару жүйелері институты ЖАК профессоры, техника ғылымдарының докторы Абай Мұхамедиярұлы Достияровты Ресей Жаратылыстану Академиясынан өнертабысты дамытуға қосқан үлесі үшін Альфред Нобель атындағы медаль алуымен құттықтайды

Жылу энергетика және басқару жүйелері институты ЖАК профессоры, техника ғылымдарының докторы Абай Мұхамедиярұлы Достияровты Ресей Жаратылыстану Академиясынан өнертабысты дамытуға қосқан үлесі үшін Альфред Нобель атындағы медаль алуымен құттықтайды

04.05.2021 Барлық жаңалықтар


Жылу энергетика және басқару жүйелері институты ЖАК профессоры, техника ғылымдарының докторы Абай Мұхамедиярұлы Достияровты Ресей Жаратылыстану Академиясынан өнертабысты дамытуға қосқан үлесі үшін Альфред Нобель атындағы медаль алуымен құттықтайды. Бұл лайықты марапат көп жылғы адал еңбектің жоғары бағалануының, ғылымның дамуына қосқан үлкен жеке үлесінің мойындалуының тікелей дәлелі болып табылады.

Қазіргі уақытта Абай Мұхамедиярұлы Достияров Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ ЖЭБЖИ «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді, ғылыми-техникалық жобаларды басқарады, 190-нан астам ғылыми еңбектердің авторы, ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қайраткері, Жаратылыстану Академиясының мүшесі. Абай Мұхамедиярұлы республикалық, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі көптеген марапаттардың, сыйлықтардың, ордендер мен медальдардың иегері, оның ішінде «Ғылыми мектептің негізін қалаушы: Отынды микрофакельді жағу» құрметті атағының, 2016 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының, ғылым мен ағартушылыққа қызмет еткені үшін Ұлы Екатерина орденінің, LABORE ET SCIENTIA (Еңбек және білім) орденінің иегері болып табылады. Сонымен қатар, проф. А.М. Достияров Еуроодақ ҰКП-ның алтын медалі, еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және ҚР жоғары оқу орындары қауымдастықтарының жаңа буын мамандарын даярлауға қосқан үлесі үшін Ахмет Байтұрсынов атындағы алтын медалі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Энергетикаға қосқан үлесі үшін» медалі сияқты медальдармен марапатталған.

Жылу энергетика және басқару жүйелері институтының ұжымы Сізге зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір, еліміздің игілігі үшін ойластырылған ауқымды мақсаттарды жылдам іске асыруды тілейді! Біз Сізді мақтан тұтамыз!!!

Құрметпен, ЖЭБЖИ ұжымы