АЭжБУ студенттерді ұлттық компаниялармен таныстыруды жалғастыруда. 2021 жылғы 13 мамырда сағат 15:00-де ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ "АЛЭС" АҚ-ға ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС өтеді

АЭжБУ студенттерді ұлттық компаниялармен таныстыруды жалғастыруда. 2021 жылғы 13 мамырда сағат 15:00-де ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ


12.05.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті студенттер мен түлектер,
Сіздерді «Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамынан («АлЭС» АҚ)  «АЛЭС» АҚ-дағы жұмыс перспективалары және мансаптық мүмкіндіктері» тақырыбындағы жұмысқа орналасу бойынша мастер-класқа қатысуға шақырамыз. 
«АлЭС» АҚ Қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова жас маманға қалай жұмыс іздеу керек екенін айтып, сондай-ақ компанияның өзекті бос жұмыс орындарымен бөлісетін болады.
Модератор:
Алмагүл Бекпауова – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Академиялық мәселелер департаментінің маманы
Спикерлер:
Жанар Сабикенова – «АлЭС» АҚ Қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы
Дария Токбергенова – «АлЭС» АҚ Адами ресурстар басқармасының бастығы
Күні: 2021 жылғы 13 мамыр
Уақыты: 15:00-16:00

Сілтеме

АНЫҚТАМА:
«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) 2006 жылы құрылған. Қазіргі уақытта компания жалғыз акционер болып табылатын «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіреді. Жылу энергиясын өндіру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілді. «АлЭС» АҚ Алматы қаласы мен Алматы өңірінде электр энергиясын жеткізу бойынша үстем жағдайға ие, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағы жылуының шамамен 76%  және электр энергиясының 60% қамтамасыз етеді. Компания ISO 9001, 14001, OHSAS 18001 және ISO 50001 стандарттары бойынша сертификатталған.

ENERGO UNIVERSITY